Кәсіпқой бокс • 26 Қараша, 2021

Фируза Шарипова: Букмекерлер де қателеседі

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жеңіл салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы, ирландиялық Кэти Тэйлормен қолғап түйістіретін отандасымыз Фируза Шарипова даңқты қарсыласынан айласын асыруға ниетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фируза Шарипова: Букмекерлер де қателеседі

«Иә, букмекерлік кеңселер Кэти Тэйлормен өтетін жекпе-жегіме қатысты бәс қабылдауды бастап кетті. Тіпті олардың бірі менің жеңісіме 12 коэффициент ұсынып отыр.

Сарапшылар менің мықты қарсыласпен шықпағанымды алға тартып жатыр. Естеріңізде болса, мен дебюттік кездесуімді Софья Очигаваға қарсы өткіздім. Ал Софья шындығында Тэйлорды Олимпиада ойындарының финалында жеңген. Тіпті оны нокдаунға жіберсе де, төрешілер есептемей қойды. Осылайша тек төрешілердің даулы шешімі арқасында ғана Тэйлор додада топ жарды. Ал мен Очигавамен тең дәрежеде жұдырықтастым. Жекпе-жек біздің елде өткенде сөзсіз менің қолымды көтерер еді.

Рас букмекерлік кеңселер сирек қателеседі. Алайда олар Энди Руис Энотни Джошуаны нокаутпен жеңеді дегенге мүлде сенбегені есімізде. Сондықтан олардың мені аутсайдер санағаны айтарлықтай әсер етпейді. Мен  сенсация жасап, жеңіске жетемін деген пікірдемін. Тіпті қарсыласымды нокаутпен жеңуге ниеттімін», дейді Фируза Шарипова өз ойымен бөлісіп.

Естеріңізге сала кетейік, Кэти Тэйлор мен Фируза Шарипова арасындағы шайқас 11 желтоқсан күні Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтеді. Фируза жеңіске жетсе, жеңіл салмақта әлемнің абсолютті чемпионы атанады.