Оқиға • 27 Қараша, 2021

Ақтөбе облысында жоғалған геологтар табылды

503 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбеде жоғалған геологтарды іздеу жұмыстары аяқталды. Олардың жағдайы жақсы, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе облысында жоғалған геологтар табылды

Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, із-түзсіз жоғалып кеткен геологтар қыстақтан табылды.

«Бүгін сағат 14:50-де жоғалып кеткен геологтар байланысқа шығып, «Қисықсай» қыстағында ораласқандары жөнінде хабарлады. Қазір олардың жағдайлары жақсы, медициналық көмек қажет болмады.

«Қазіргі уақытта геологтар Әйтеке би ауданының Қарабұтақ ауылына жеткізілуде», деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, 26 қарашада 4 геологқа іздеу жарияланды. Олар 25 қарашада соңғы рет байланысқа шығып, кейін хабар-ошарсыз кеткен. Олардың іздестірілуіне құрамында 33 адам мен 8 бірлік техникадан тұратын 5 іздеу тобы жұмылдырылды. Ал бүгін Ақтөбе-Құмсай-Қайрақты-Қайыңды-Милысай-Аралтоғай бағыттары бойынша авиа іздеу үшін ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ еврокоптері ұшты.