Қазақстан • 27 Қараша, 2021

Америкалық сарапшылар Қазақстанның діни сенім бостандығын бағалады

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Америкалық сарапшылар еліміздің діни сенім бостандығын қамтамасыз ету саласындағы бағытына оң баға берді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Америкалық сарапшылар Қазақстанның діни сенім бостандығын бағалады

АҚШ-тың Халықаралық дін бостандығы жөніндегі комиссиясы (USCIRF) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасына ресми түсініктеме жариялады.

Аталған түсініктемеге сүйенсек, америкалық сарапшылар еліміздің діни сенім бостандығын қамтамасыз ету саласындағы бағытын жағымды бағалады.

«Біз Қазақстан Үкіметіне діни сенім бостандығы саласындағы реформаларды жалғастырып келе жатқаны үшін алғыс айтамыз», деп жазылған түсініктемеде.

Комиссияның пікірінше, Заң жобасы Қазақстанның аталған бағытта нақты ілгерілеушілікке қол жеткізудегі үздіксіз күш-жігерін көрсетеді. Диалогтың Діни сенім бостандығы мәселелері жөніндегі Қазақстан - АҚШ Жұмыс сараптау тобының аясында тиімді жалғасатынына үміт білдірді.