Теннис • 27 Қараша, 2021

Дэвис кубогы: Қазақстан құрамасы Швецияны жеңді

392 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мадридте Дэвис кубогы финалдық кезеңінің топтық бәсекесінде Қазақстан құрамасы Швециядан басым түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дэвис кубогы: Қазақстан құрамасы Швецияны жеңді

Жұптық сында Андрей Голубев пен Александр Недовесов дуэті Андре Горанссон мен Роберт Линдстердтпен кортқа шықты.

Бірінші партияда қазақстандық жұп екі брейк жасады - 6:3. Олар екінші сетте де 3:0 есебімен алға кетті. Ақыры сол қарқынын төмендеткен жоқ - 6:3.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған кездесу барысында А.Голубев пен А.Недовесов 3 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жіберген жоқ. Осылайша Қазақстан құрамасы топтық бәсекедегі алғашқы матчта Швецияны 2:1 есебімен жеңді.

Енді қазақстандық теннисшілер Канада командасымен ойнайды.