«Бүгін таңғы сағат 09:30-да «Көктөбе» шағынауданы Т.Бигелдинов көшесіндегі 35-үйдің жанында топырақ көшкіні орын алды. Нәтижесінде жол қозғалысында кедергі туындап, 35-үйдің металл қоршауы зақымдалды. Апат орнында қауіпсіздік бекеттері қойылып, су құбыры бітелді, зардап шеккендер жоқ, жолды тазарту жұмыстары жүргізілді», деп хабарлады департаменттен.
Оқиға орнына ТЖД 5 қызметкер, 2 бірлік техника, «Қазселденқорғау» ММ 2 қызметкер, 1 бірлік техника, аудан әкімдігінен 5 қызметкер, 2 бірлік техника, «Алматы Тазалық» ЖШС 10 қызметкер, 2 бірлік техника жұмылдырылды.