Аймақтар • 27 Қараша, 2021

Маңғыстаудың туристік әлеуеті дамытылады

454 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау өңірінде құны 300 млрд теңгеден асатын 13 туристік жоба іске асырылады. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жауабында айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстаудың туристік әлеуеті дамытылады

«Қазіргі уақытта ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 12 тамыздағы Маңғыстау облысына сапары барысында берген тапсырмасына сәйкес Каспий теңізінің жағалауы бойынша Ақтау қаласынан Құрық портына дейінгі курорттық аймақты дамыту үшін бірқатар инфрақұрылымдық жобалар, оның ішінде электрмен, сумен, газбен жабдықтау және автожолдарды салу және реконструкциялау бойынша бірқатар инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда», деді Асқар Мамин жауабында.

Үкімет басшысының атап өтуінше, Қазақстан Республикасының туризм саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Маңғыстау облысы республиканың перспективалы туристік аймақтарының ТОП-10 қатарына кірді.

«2020 жылы Маңғыстау облысының орналастыру орындары 160 мың адамды қабылдады. Туризм саласына 71,8 млрд теңге инвестиция тартылды (2019 жылмен салыстырғанда 3,1 есе өсті) және 4,3 млрд теңгеге орналастыру орындары қызмет көрсетті. Жалпы, өңірдегі туризм саласы бойынша 2021-2025 жылдар кезеңінде сомасы 300 млрд теңгеден асатын 13 жобаны іске асыру жоспарланған», деді Премьер-Министр.