Аймақтар • 28 Қараша, 2021

Алматыда жаяу жүргіншіні автобус қағып кетті

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы көшелерінің бірінде жаяу жүргіншіні автобус қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда жаяу жүргіншіні автобус қағып кетті

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік апаты 27 қарашада шамамен кешкі сағат 20:20-да болды.

Yutong маркалы автобусының жүргізушісі Жұмабаев көшесімен шығыс бағытта жүріп бара жатып, Жансүгіров көшесінің шығысына қарай Жұмабаев көшесінде жолдың жүруге болмайтын бөлігінен өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан 40-45 жас аралығындағы белгісіз жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Сараптама тағайындалды», деді Алматы қалалық ПД Анықтау басқармасы басшысының орынбасары Салтанат Хишанло.