Коронавирус • 28 Қараша, 2021

«Омикрон» штамымен күресетін вакцина шығарыла ма?

386 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Вакцина шығаратын бірнеше фармацевтикалық корпорация «Омикронды» зерттеуге кіріскендерін және қажет болған жағдайда өз препараттарын түрлендіруге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz ВВС-ге сілтеме жасап.

«Омикрон» штамымен күресетін вакцина шығарыла ма?

Pfizer және Biotech компаниялары шамамен 100 күн ішінде жаңа нұсқаға қарсы арнайы бейімделген вакцина жасауға және шығаруға дайын екенін айтты.

«Спутник V» жасап шығарған Гамалей атындағы Мәскеу орталығының басшысы Александр Гинцбург Интерфаксқа ресейлік ғалымдар вакциналарын жаңа нұсқаға бейімдеуге дайын екенін айтты. Оның айтуынша, алдымен орталық осы мутация үшін бұрыннан бар препараттың тиімділігін тексереді.

«Ондай модификация жасауға болады. Вакцинаны түлендіру тез жүзеге асырылады, алайда оның тиімділігін вирусты бейтараптандыру қабілетін анықтағаннан кейін ғана біле аламыз», деді ол.

Сондай-ақ, Гинцбург Гамалей атындағы орталық «Дельта» нұсқасы шыққаннан кейін «Спутник V» вакцинасын түрлендірмегенін еске салды. Себебі, екпе «83-85-90%-ға» тиімді болып шықты.

Тағы бір вакцина өндіруші - Мoderna фирмасы былай деді: «2021 жылдың басынан бастап Moderna-ның жаңа штаммдарға бағытталған мұқият ойластырылған стратегиясы бар».

Еске сала кетсек, Оңтүстік Африка Республикасында коронавирустың жаңа мутациясы анықталған еді. Бұл нұсқа бұрынғыларға қарағанда әлдеқайда жұқпалы және вакциналардың оған әсері тиімсіз болуы мүмкін екендігі айтылды. Коронавирустың бұндай жаңа штамына «Омикрон» деген атау берілді.