Аймақтар • 29 Қараша, 2021

«Мен жастарға сенемін!»

788 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универ­ситетінде «Мен жастарға сенемін!» республикалық патриот жастардың форумы өтті. Дәстүрлі түрде тоғызыншы мәрте өткізіліп отырған шара Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылды. Оның бас­ты мақсаты – инновация мен шығармашылықты ұштастыру арқылы жастар патриотизмін дамыту.

«Мен жастарға сенемін!»

Форумға Әл-Фараби атын­дағы ҚазҰУ-дың Басқарма төр­­ағасы – ректоры Жансейіт Түй­мебаев, Ұлттық киноны қол­дау мем­лекеттік орталығының Бас­­қарма төрағасы Есетжан Қосу­баев, Алматы облысы, Ақсу ауданы Қапал ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Владимир Чепел, Мәдениет саласының үздігі, ақын Бақыт Жағыпарұлы және форум жеңім­паздары мен студенттер қатысты.

Шараның басында сөз сөй­­леген университет ректоры Жан­сейіт Түймебаев форум қаты­су­шыларын жеңісімен құттықтап, ыстық лебізін біл­дірді. «Қазақстан – дарынды жастар мекені. Біздің елімізде жастардың алаңсыз оқып, білім алуына, шығармашылық­пен айналысып, қалаған маман­дық иесі атануына барлық жағ­дай жасалған. Қазақстанның бо­ла­шағы сіздерге – сіздердің бі­лім­деріңізге, энергияларыңыз бен патриотизмдеріңізге байланыс­ты. Тәуелсіз еліміздің мақта­ны­шы­на айналып, өмірдің бар­лық са­ласында үлкен жетістіктер­ге же­ту­леріңізге шын жүректен тілектеспін!», – деді университет ректоры.

Кейін Жансейіт Түймебаев университет студенттерін ән­ұран­ды жанды дауыста хормен орын­дауға шақырып, жастармен бірге шырқады.

Республикалық форумға ағым­дағы жылы 2000-ға жуық жұмыс қабылданған. Солардың ішінен іріктелген 107 қатысушы марапат кешіне жолдама алып отыр. Биыл форумға қатысушылар эссе жа­зу, инновациялық жоба, көр­кем­сөз оқу, бейнеролик да­йын­дау, азаматтық-патриоттық ба­­ғыт­та­ғы поэзиялық шығарма жа­зу, сы­байлас жемқорлыққа қар­сы жоба мен сурет өнері сияқ­­ты се­гіз бағыт бойынша бақ сынас­ты. Гала-концерт барысында әр аталым бойынша жеңіске жет­кен Гран-при иегерлеріне бір жыл­дық грант сертификаты та­быс­талды. Сонымен қатар іс-шарада бірінші, екінші және үшінші орын иегерлері де марапатталды.

«Мен жастарға сенемін!» республикалық форумының Гран-при иегерлерінің бірі – Се­мей мемлекеттік медицина уни­­вер­­­си­тетінің студенті Дамир Ша­­ди­­­бекұлы. Ол «Дәрігер – ар­дақ­­ты мамандық» бейнеролик бай­­­қа­уына өзінің туындысын ұсы­­­нып, жеңіске жетіп отыр. «Жас­­тардың еңбегін бағалап, мүм­­кіндік беретін бүгінгі фо­рум­­ның маңыздылығы өте жо­ға­ры. Осы форумды өткізуге мұ­­­­рын­дық болған барша ұйым­­дас­­ты­ру­шыларға алғысым шек­сіз. Же­­ңіс­ке жеткеніме өте қуа­­­ныш­ты­мын», деді Дамир Шади­бекұлы.

 

АЛМАТЫ