Әлем • 29 Қараша, 2021

Түркия бес елмен қатынасын үзді

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркия билігі бес елмен әуе қатынасын жауып тастады: 26 қарашадан бастап, коронавирустың жаңа штамының таралуына байланысты Ботсвана, Оңтүстік Африка Республикасы, Мозамбик, Намибия және Зимбабведен келетіндерге тыйым салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркия бес елмен қатынасын үзді

Бұл туралы Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

«Бүгін кештен бастап Ботсвана, Оңтүстік Африка, Мозамбик, Намибия және Зимбабведен құрлық, әуе, теңіз және теміржол арқылы саяхаттауға тыйым салынады», деді түрік министрі.

Бұған дейін Еуропалық одақ, Ұлыбритания, Сингапур және Жапония, ОАР және оған көршілес елдермен әуе қатынасына шектеулер енгізген болатын. Жаңа B.1.1.529 штамымен инфекция туралы алғашқы хабарламалар 24 қарашада Оңтүстік Африка, Ботсвана және Гонконгта пайда болды. Кейінірек Израиль мен Бельгияда COVID-19-дың тағы бір нұсқасының табылуы туралы мәліметтер шықты.