Қоғам • 29 Қараша, 2021

Тұрғын үй бағасы қашан тұрақталады

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қазақстанда тұрғын үй бағасы қашан тұрақталатынын болжады, деп хабарлады Egemen.kz.

Тұрғын үй бағасы қашан тұрақталады

Бұл туралы Хабар24 телеарнасы мәлім етті.

Министр құрылыс материалдарын шығаратын жаңа кәсіпорындар ашылатынын айтты. Қазір осы бағытта министрлікте бірқатар жоба қарастырылып жатыр. Бейбіт Атамқұловтың пайымынша жаңа өндірістер баспана бағасының шарықтауын тоқтатады.  

«Елімізде өндірілетін бірқатар материалдың тізбегі жасақталды. Бүгінде 35 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жаңа өндірістер. Бірінші кезекте сан-фаянс пен өзге де керамика шығарамыз. Бүгінде керамика өндіретін 3 зауыт жұмыс істейді», деді Атамқұлов «Национальный интерес» бағдарламасына берген сұхбатында.

Алайда, ведрмство басшысының айтуынша, елімізде өндіріс көлемі аз. Министрлік тағы 3 кәсіпорынды іске қосып, Қазақстанда керамикалық материал өндірісін 100 процент қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

Министрдің болжамынша тұрғын үй бағасы келесі жылы тұрақталады.

«Менің болжамымша баға бір қалыпқа келеді. Қазір сұраныс болған соң құрылыс компаниялары үйді салып жатыр», деп  түйіндеді Бейбіт Атамқұлов.