Аймақтар • 29 Қараша, 2021

Жүргізушілерге қысқы дөңгелек болмаса айыппұл салынады

593 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Автокөлік иелеріне 1 желтоқсаннан 1 наурызға дейін машиналарды қысқы шиналармен міндетті жабдықтау туралы ескертілді, деп жазады Egemen.kz.

Жүргізушілерге қысқы дөңгелек болмаса айыппұл салынады

Осы жол қозғалысы ережелерінің талаптарын бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. 

Айыппұл мөлшері бес айлық есептік көрсеткіш, яғни, 14 585 теңге. 

Полиция, сонымен қатар, жүргізушілерге қысқы жүргізу стиліне көшу керек, деп хабарлады. 

«Жол жамылғысының жағдайын ескере отырып, қауіпсіз жылдамдық пен қашықтықты сақтап, қауіпті маневрлерден бас тартып, кенеттен тежелуден аулақ болу керек. Жаяу жүргіншілер өткелінен өту кезінде абай болу керек», делінген Маңғыстау облысы полиция департаментінің хабарламасында.