Әлем • 29 Қараша, 2021

Ұлыбритания мен Израиль Иранның жоспарын жоққа шығармақ

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлыбритания мен Израиль билігі Иранның ядролық держава атануына жол бермеу үшін тәулік бойы жұмыс істейді. Екі елдің Сыртқы істер министрлері Лиз Трасс пен Яир Лапид осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлыбритания мен Израиль Иранның жоспарын жоққа шығармақ

СІМ басшылары ұлыбританиялық Telegraph газетіне бірлескен мақала жазды. Мақалада негізінен Иран еліне қатысты өзекті мәселелер қамтылған.

«Біз Иран режимінің ядролық держава болуына жол бермеу үшін тәулік бойы жұмыс істейміз. Уақыт өтіп жатыр, Тегеранның амбицияларына кедергі жасау үшін серіктестерімізбен және достарымызбен тығыз ынтымақтастық қажеттілігін түсіндік», делінген мақалада.

«Ұлыбритания мен Израиль он жыл мерзімге киберқауіпсіздік, технология, сауда және қорғаныс саласындағы келісімге қол қояды» деп атап өтті министрлер.

Мақала Иранның ядролық бағдарламасы бойынша бірлескен кешенді іс-қимыл жоспарын қалпына келтіру жөніндегі келіссөздердің кезекті кезеңі басталар алдында шықты.