
Бұл бокс кешінде Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов пен мексикалық Данте Хардон IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына таласуы керек болатын. Алайда мексикалық боксшы жаттығу кезінде қолын сындырып алып, шайқастан бас тартуға мәжбүр болған. Енді Елеусіновтің командасы аз уақытта басқа қарсылас табуы керек. Өйткені бокс кешінің өтуіне 2 аптадан сәл ғана астам уақыт қалды.