Елорда • 29 Қараша, 2021

Нұр-Сұлтанда әскерде жүрген сарбаз қайтыс болды

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласындағы бас әскери-клиникалық госпитальде 2021 жылдың күзінде әскери қызметке шақырылған әскери қызметші қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда әскерде жүрген сарбаз қайтыс болды

Өз кезегінде дәрігерлер тиісті емдік іс-шаралар кешенін жүргізген. Қолдан келген көмекті аямаған. Алайда олар қанша жанталасқанмен сарбаздың өмірін сақтап қала алмады.

«2021 жылдың 28 қарашасында Нұр-Сұлтан қаласының Бас әскери-клиникалық госпиталінде ауруының асқынуынан 2003 жылы туған әскери қызметші Сариев Бобир Халматұлы қайтыс болды. Биыл 25 қарашасда мерзімді қызметтегі сарбаз ауруханаға жағының астындағы тұста мойнының қабынуына шағымданып келген. Дене қызуы көтеріліп, инфекциялық-уытты шоктың дамуы белгілері болған», делінген ведомствоның ресми хабарламасында.

Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен Қарулы Күштердің жеке құрамы Бобир Сариевтің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты.