Елбасы • 30 Қараша, 2021

Тұңғыш Президент һәм Тәуелсіздік

122 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Заманымыздың ірі реформатор­ла­рының бірі Ли Куан Ю еліміз Тәуелсіздігін алмай тұрып-ақ, «Президент Назарбаев – ке­ңестік саясаттағы жарық жұлдыз, түрлі республикалар арасындағы ірі тұлға. Қазақ­станның 50 жастағы лидері – белгілі деңгейде қатал, тәжірибелі, жедел шешім қабыл­дай алатын адам.

Тұңғыш Президент һәм Тәуелсіздік

Одақтың басқа респуб­ликаларының өзі мойындаған жылы шы­райлы, талантты және табанды басшы. Назарбаев рес­публиканы басқарып тұр­ғанда, Қазақ­стан­ның табыстарға жету мүмкіндігі мол болады», деген болатын. Ли Куан Юдың айтқаны айна қатесіз келді.

Иә, кеңестік жүйеден шыңдалып, ши­рығып шыққан Нұрсұлтан Назарбаев барлық жинаған тәжірибесін, күш-жіге­рін өз елінің, өз халқының игілігі үшін жұм­сады. Елбасы тәуелсіз мем­леке­тіміз­дің негізін қалады. Халқымыз үшін ұлы мүм­кіндік – егемен ел атану бақытын баян­ды етуде барлық жауапкершілікті өз мой­нына алды. Алмағайып кезеңнен, бейнелеп айтқанда, «құлау ықтималдылығы жо­ғары жаман көпірден» Қазақстанды аман-есен алып өтіп, өз елін өркендеу жолына салды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміз­ді саяси-экономикалық тұрғыда жаң­ғырт­ты. Н.Назарбаев Қазақстанды қуатты экономикасы бар, уақыт талап еткен кез келген ауқымды саяси реформаларды ең­­серуге қабілетті елге айналдырды. Қа­зақ­станды дамыған 50 мемлекеттің қата­рына қосып, одан әрі озық отыз елдің ортасынан орын алуға ұмтылдырды.

Елбасының ерен еңбегінің арқасында шекарамыз шегенделіп, ұлттық тең­ге­­міз айналымға енді, тіліміз, дініміз, мә­де­ниетіміз бен ата дәстүріміз қайта жаң­­ғырды, тарихымыз түгенделді. Ұлт­тық­ қор ұлтымыздың еңсесін көтерді, Қазақ­стан халқы Ассамблеясы құрылып, бірлі­гіміз бекемделді, жаңа астана Арқа тө­сінде бой көтерді, соған қарап халқымыз ой түзеді.

Тәуелсіздік жылдарында халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған бағ­дар­ламалар қабылданды. Елге ел қосылып, алыстағы ағайын атажұртымен табыс­ты. «Қазақстан-2030», «Қазақстан-2050» стратегиялық жоспарлар, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», «Мәдени мұра», «Рухани жаңғыру» сынды бағдарламалар елдің бағын жандырды. Ядролық ірі арсеналдан бас тарту, конфессияаралық келісімді нығайту Қазақстанның өрісін кеңейтті, тартымды елге айналдырды.

Елбасының жастарды қолдауы, бі­лім беру саласына, ұлт саулығына ерек­ше көңіл аударуы еліміздің тынысын аша түсті. «Болашақ» стипен­диясын тағайындау, Назарбаев зияткерлік мек­теп­терін, Назарбаев Университетті ашу, медициналық кластер құру, ғарыштық бағдарлама, «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру, Каспийдің құқық­тық мәртебесін айқындау, мұның бар­лығы еліміздің игілігі, Елбасы еңбегінің жемісі.

Н.Назарбаевтың көпвекторлы сырт­қы саясаты, АӨСШК, ТМД, ШЫҰ, ЕАЭО сынды ұйымдарды құрудағы бас­та­машыл­дығы, Әлемдік және дәстүрлі дін­дер көш­бас­шыларының съезін шақыруы, Қазақ­станның бітімгерлік саясатын ілгері­летуі, ЕҚЫҰ-ға және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңе­­сіне Қазақстанның төрағалық етуі, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін ұйым­дас­тыруы және тағы басқалардың бар­лығы Тұң­ғыш Президенттің ел Тәуелсіздігі мен ха­лық игілігі үшін жа­саған өлшеусіз қызметі.

Соңғы жаңалықтар