Коронавирус • 30 Қараша, 2021

Эпидахуалды бақылау штабтарының жұмысын күшейту керек – Ералы Тоғжанов

55 рет көрсетілді

Елімізде маусымдық тұмау және ЖРВИ-дің таралу жиілігі 1,4 есеге артып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жаңа «Омикрон» штамының анықталуы әлемдегі көптеген елде алаңдаушылық тудыруда. Бірқатар Еуропа елі, Сингапур, Израиль қатаң шектеу іс-шараларын қабылдап отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алдын ала деректеріне сәйкес, жаңа штамм «Дельта» нұсқасынан да қауіпті және тез таралады. Сондықтан штамды ел аумағына енгізбеуге бағытталған іс-шараларды қолдауды сұраймыз. Ұсынылған шектеу іс-шаралары ведмоствоаралық комиссияның отырысында қаралып, мақұлданды. Сонымен қатар биыл маусымдық тұмау және ЖРВИ-дің таралу жиілігі 2019 жылмен салыстырғанда 1,4 есеге артып отыр. Осыған орай және әлемдегі жағдайды ескере отырып, барлық әкімдіктен санитарлық талаптарға бақылау күшейтуді сұраймыз», деді вице-премьер.

Ералы Тоғжанов біріншіден қоғамдық орындарда әлеуметтік қашықтық пен маска режимі бойынша түсіндірме жұмыстарын арттыру қажеттігін баса айтты. Бұл ретте мониторинг топтардың жұмысын жандандыру қажет.

«Екіншіден, коронавирусқа қарсы вакцина және ревакцинация алуға шақыру ақпараттық жұмыстарын күшейту өте маңызды. Азаматтардың вакцина алуы үшін қолайлы жағдай қамтамасыз етілуі тиіс. Үшіншіден, әкімдіктер өңірдегі инфекцияның таралу деңгейіне күнделікті талдау жүргізіп отыруы қажет. Бұл үшін эпидемиологиялық ахуалды бақылау жөніндегі өңірлік штаб жұмыстарын күшейтуді сұраймыз», деді ол.

Соңғы жаңалықтар

Әуезов және түркі әлемі

Руханият • Кеше

Идеология

Руханият • Кеше

Мейірім мен қатыгездік

Руханият • Кеше

Ескі мен жаңа арасы

Руханият • Кеше

Би падишасы

Руханият • Кеше

Сапа қайтсе жақсарады?

Қазақстан • Кеше

Қайырымдылықтың үлгісі

Қазақстан • Кеше

Сақ дәуірінің тасы

Таным • Кеше

Ұқсас жаңалықтар