Коронавирус • 30 Қараша, 2021

Қазақстанда «омикрон» штамы анықталған жоқ – ДСМ

321 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов «омикрон» коронавирусының жаңа штамын анықтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда «омикрон» штамы анықталған жоқ – ДСМ

«Бүгінгі таңда Қазақстанда «омикрон» штамы анықталған жоқ, вирусты жүйелеу бойынша жұмыстар жалғасуда, біз бұл жұмысты тұрақты негізде жүргізіп келеміз. Бүгін Үкімет отырысында қосымша шешім қабылданды - осы штамдарды секвенациялау жұмысын жалғастыру және жандандыру. Нәтижелерді жақын арада, желтоқсанның үшінші онкүндігінде, осы рәсімдердің ұзақтығын ескере отырып білетін боламыз», деп түсіндірді Марат Шоранов.

Марат Шорановтың айтуынша, «омикрон» штамы ПТР сынақтарына сезімтал, ол тез анықталды.

«Бұл күнделікті ПТР тестілеуі барлық науқастарда жаңа штаммның бар жоғын анықтайды дегенді білдіреді. Штамды анықтау үшін вирустың секвенациясы туралы қосымша зерттеу жүргізу керек, бұл өте көп уақытты қажет ететін процесс. Оған шамамен 2-4 апта кетеді. Сондықтан біз бұл жұмысты бастадық, желтоқсан айының соңында Қазақстан аумағында айналымдағы штамдардың түрлері туралы толық көрініс болады», деп атап өтті бірінші вице-министр.

Ол денсаулық сақтау министрлігінде жаңа штамды емдеу туралы хаттама бар ма деген сұраққа да жауап берді.

«Коронавирустық инфекцияны емдеу хаттамасы біреу. Ол штаммдарға бөлінбейді, сонымен бірге осы штамның клиникалық белгілері туралы толығырақ ақпарат алу қажет. Вирус мутацияға ұшырайтыны түсінікті. Қазіргі құлдырауға қарамастан, әрине, біз бұл вирустың өзгеруі мүмкін екенін түсінеміз. Бұл тіпті соңғы мутация болмауы мүмкін. Біз хаттамаға тиісті түзетулер енгіземіз, бірақ бастысы - вакцинация мәселелерін, қолданыстағы вакциналардың тиімділік дәрежесін зерттеу. Тиісінше, бұл қосымша уақытты қажет етеді», деді Марат Шоранов.

Бұған дейін хабарланғандай, «омикрон» коронавирустық инфекция штамының жаңа нұсқасының пайда болуын ескере отырып, оны республика аумағына әкелуге жол бермеу мақсатында ведомствоаралық комиссияда ағымдағы жылдың 3 желтоқсанынан бастап Ботсвана, ОАР, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Малави, Мадагаскар, Эсватини, Танзания және Гонконгтан шетел азаматтарының ҚР-ға кіруіне шектеу енгізу туралы шешім қабылданды.