Елорда • 30 Қараша, 2021

Елордалық полицей ұшақ сүйреп, рекорд орнатты

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада Нұрсұлтан Назарбаев әуежайындағы алып ұшақты спортшы полицей 10 метрге дейін сүйретті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордалық полицей ұшақ сүйреп, рекорд орнатты

«Әуе кемесін 10 метр қашыққа сүйретуден әлемдік Гиннес рекордын спорт шебері, Нұр-Сұлтан қаласының полиция майоры Бауыржан Қамалиев орындады», делінген әуежайдың Instagram-дағы парақшасында.

«Түнде бір рет жаттығып көрдім. Алаңдадым. Түнімен ұйықтай алмадым. Өздеріңіз куә болдыңыздар. Орындап шықтым», деді Бауыржан Қамалиев.

Ол көпшілікті 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады.

Рекордты қайталаушы жетістігін Тәуелсіздіктің 30 жылдығына және Тұңғыш Президент күніне арнағанын жеткізді