Аймақтар • 30 Қараша, 2021

Шымкентте «Мың жүйрік» жобасының жеңімпаздары анықталды

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласында республикалық деңгейде өткізілген, этнос балалары арасында қазақ тілін дамытуға арналған «Мың жүйрік» жобасы өз мәресіне жетіп, сайыс жеңімпаздары анықталды, деп жазады Egemen.kz.

Шымкентте «Мың жүйрік» жобасының жеңімпаздары анықталды

Ұйымдастырушылар республикалық деңгейде өткізілген бұл жоба мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеруде үлкен маңызға ие екендігін айтады. Іріктеліп алынған 10 жүлдегерді Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан марапаттап, арнайы дипломдар мен сый-сияпат табыстады.

«Қазақ тілінде қанша кітаптар жарық көріп жатыр, қаншалықты үлкен дүниелер пайда болып жатыр. Соны ескере отырып, қазақ емес, өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін меңгеруі бұрын таңсық еді, қазір қалыпты жағдай. Осының өзінен-ақ, 30 жылда осы тіл мәселесінің оң бағытта өзгеріс тапқанын білеміз», деді Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан.