Медицина • 01 Желтоқсан, 2021

Алексей Цой швейцариялық фармкомпания өндірісімен танысты

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Швейцарияның Базель қаласында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Швейцарияға ресми сапары аясында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мен швейцариялық F. Hoffmann-La Roche Ltd фармацевтикалық компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Кристоф Францтың екіжақты кездесуі өтті, деп жазады Egemen.kz.

Алексей Цой швейцариялық фармкомпания өндірісімен танысты

Компанияның қызметімен танысу үшін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Швейцарияның Базель қаласындағы дәрілік препараттардың өндірістік алаңына барды.

Екінші нысан диагностикалық жабдықтарды өндіру бойынша Гросскройц қаласындағы зауыт болды.

Министр орфандық ауруларды емдеуге арналған инновациялық препараттарға қол жеткізу мәселесін, швейцариялық технологиялардың Қазақстанға трансферінің маңыздылығын, сондай-ақ компанияның зертханалық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жобаларды іске асыруға, COVID-19 бар пациенттерді емдеуге арналған дәрілік препараттарды жеткізуге мүдделілігін талқылауға ерекше қызығушылық танытты.

Тақырыпты талқылау 2021 жылғы 29 қарашада қол қойылған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Roche Ltd арасындағы негіздемелік келісімнің маңыздылығын растайды.

Негіздемелік келісім ынтымақтастықтың қағидаттары мен алдын ала ниетін белгілеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту және дәрілік заттардың жергілікті өндірісінің үлесін ұлғайту жөніндегі жобаны іске асыру мақсатында бағытталған.