Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2021

Павлодарлық оқушылар «Ұлы дала мұрагерлері» домбырашылар флешмобына қатысты

483 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жас домбырашылардың орындауында аты аңызға айналған күйлер шырқалды, деп жазады Egemen.kz.

Павлодарлық оқушылар «Ұлы дала мұрагерлері» домбырашылар флешмобына қатысты

Құрманғазының күйі «Балбырауын», Н.Тілендиевтің «Әлқисса» күйі, халық әні «Елім-ай» және қырғыздың күйі «Маш ботой» шығармасын Павлодардағы Назарбаев Зияткерлік мектептің 65 оқушысы орындады.

«Ұлы дала мұрагерлері» атты дәстүрлі домбырашылар флешмобында домбырамен қатар, қазақтың шаңқобызы, дауылпаз, дабыл, қобыз сияқты ұлттық аспаптары қолданылды.

Ауқымды шараның мақсаты - Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың жүргізіп отырған саясатына қолдау білдіру. Ұлттық аспап домбыра мен өнерімізді күй арқылы насихаттау. Патриоттық шара зияткерлердің бойына отансүйгіштік қасиетті сіңіруге мақсатталған.

Шараның ерекшелігі бір сәтте алпыстан аса павлодарлық зияткер қазақтың 4 күйін орындады. Айта кетерлігі, «Ұлы дала мұрагерлері» атты домбырашылар патриоттық акциясы дәстүрге айналған. Жыл сайын ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің барлық филиалдарында біз мезгілде өткізіледі. Биылғы жылы дәстүрлі акцияға Қазақстан бойынша 1000-ға жуық Зияткерлік мектеп оқушылары қатысты.