Оқиға • 01 Желтоқсан, 2021

Алматы облысында 8 пәтерлі үй өртенді

441 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының Талғар ауданындағы Төңкеріс ауылында 8 пәтерлі үй өртенді. Тұрғындар дер кезінде үйден шығып үлгерген, өрттен ешкім зардап шекпеген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында 8 пәтерлі үй өртенді

«Өрт 30 қараша күні сағат 18:15 шамасында тұтанды. 8 пәтерлі барак типті үй өртенді. 8 пәтердің 6-уын өрт шалды, оның ішінде екеуінің шатыры жанған. Абырой болғанда, тұрғындар дер кезінде үйден шығып үлгерді. Оқиға орнына түнде Талғар ауданының әкімі Қайдар Әбдіханов жетті. Белгілі болғандай, барак типті үйде барлығы 34 адам тұрады. Оның 16-сы бала. Өртенген 6 пәтерде барлығы 30 адам тұрған, оның 15-і бала», делінген Талғар ауданы әкімінің баспасөз қызметі жариялаған хабарламада.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, үйдің аумағы 288 шаршы метр. Үй 1952 жылы қамыстан салынған. Әкімдіктің мәліметінше, үйі өртенген отбасыларға мемлекет есебінен көмек беру мәселесі қаралады. Қазіргі кезде тұрғындар туыстарын паналаған. Өтініш білдірген жағдайда уақытша пәтерге орналастыру жағы қарастырылады. Қазіргі кезде өрттің себебі анықталып жатыр.