Аймақтар • 02 Желтоқсан, 2021

ШҚО-да синтетикалық есірткі таратқан курьер ұсталды

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Рефлекс» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында есірткі сақтады деген күдікпен Өскемен қаласының 42 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ШҚО-да синтетикалық есірткі таратқан курьер ұсталды

«Күдіктінің пәтерін тінту барысында жасыл, қызғылт және ақ түсті ұнтақ пен түйіршіктер түріндегі заты бар 55 полимерлі пакет пен түйіншек, буып-түюге және өлшеуге арналған электрондық таразы құрылғылар тәркіленді. Сарапшының қорытындысына сәйкес, алынған заттың жалпы салмағы 119,9395 г «α-пирролидиналерофенон» психотроптық зат болып табылады», деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, баптың санкциясымен 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.