Экология • 02 Желтоқсан, 2021

Балқаш көліне жауапты органдардың жұмысында бірізділік жоқ – Сенатор

1192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенатор Рысқали Әбдікеров Балқаш көлінің таязданып бара жатқанына алаңдаулы. Осы мәселе төңірегінде депутат Премьер-Министрдің атына депутаттық сауал жолдады, деп жазады Egemen.kz.

Балқаш көліне жауапты органдардың жұмысында бірізділік жоқ – Сенатор

Оның айтуынша, Балқаш көліндегі су көлемінің 70% Іле өзені арқылы келеді. Алайда, өзеннің қалыпты ағу жылдамдығы секундына 400-500 текше метрді құрауы тиіс болса, қазір бұл көрсеткіш секундына 306 текше метрге дейін азайған. Мұның басты себептерінің бірі – көрші мемлекет аумағындағы су көлемінің жеткілікті мөлшерде ағып келмеуінде. Сонымен қатар, сенатор Балқаш көлінің жағдайына жауап беретін мемлекеттік органдардың жұмысында бірізділіктің жоқтығын атап өтті. Соңғы 14 жылда көлді зерттеу бойынша кешенді зерттеулер іс жүзінде жүргізілмеген. Сондықтан көлдегі су деңгейінің өзгеруі туралы статистика жоқ. Сенатордың пікірінше, жұмыстағы мұндай тәсіл болашақта экологиялық апатқа әкелуі мүмкін.

«Іле өзенін ұтымды пайдалануға қатысты Келісімді еліміз мүддесіне сай келетіндей етіп одан әрі пысықтауды, Балқаш көлін келешек үшін сақтау бойынша нақтыланған арнайы жоспар әзірлеуді, Іле өзені арқылы көлге құйылатын су мөлшерін арттырып, үнемдеу үшін өзенге салынған гидромелиоративтік жүйелерді қайта жаңартуды сұраймыз», деді депутат.