Қоғам • 02 Желтоқсан, 2021

Маңғыстауда жұмыссыз жастар көбейген

854 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жастар жұмыссыздығының деңгейі 3,7%-ды құрады, деп хабарлайды  Egemen.kz Finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстауда жұмыссыз жастар көбейген

2021 жылдың үшінші тоқсанында елде жұмыссыз жүрген жастар саны 77,5 мыңды құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,9%-ға аз.

Жұмыссыз ерлердің саны 35,4 мың адамға дейін (4,6%), жұмыссыз әйелдердің саны 42,2 мың адамға дейін (8,7%) қысқарды.

Өңірлік бөліністе жұмыссыз жастардың басым бөлігі Алматыда - 14 мың адам, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 5,8%-ға аз. «Жұмыссыздардың» үштігіне Алматы облысы (9,8 мың адам, минус 1,1%) және Нұр-Сұлтан қаласы (6,6 мың адам, плюс 7,7%) кірді.

Жұмыс орнын таба алмаған жастардың ең азы Солтүстік Қазақстан облысында - 1,3 мың адам, минус 38,5%.

Жұмыссыз жастар санының ең көп өсуі Маңғыстау облысында байқалады (жылына 11,2%, 2,7 мың адамға дейін), ал ең көп қысқаруы Солтүстік Қазақстан облысында байқалады.

22,5 мың адам 1 айдан 3 айға дейін жұмыс іздеуде, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 23,1%-ға аз. Тағы 19,5 мың жас 3 айдан алты айға дейін, 10 мың адам алты айдан бір жылға дейін, 9,5 мың адам бір жылдан астам уақыт жұмыс іздейді.

1 айдан аз уақыт жұмыс іздеп жүрген ұлдар мен қыздардың саны 8,1%-ға, яғни, 15,6 мың адамға дейін өсті. 378 адамда жұмысты немесе бизнесті бастау туралы келісім бар.