Технология • 02 Желтоқсан, 2021

Алматыда 5G желісі іске қосылды

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда 5G желісі пилоттық режимде іске қосылды. Бұл туралы қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда 5G желісі іске қосылды

Басқарма басшысының мәліметінше, 5G желісін елімізде қызмет көрсететін 3 оператор адамдар көп жиналатын жерге орнатты. «Қазір Көктөбе, Шымбұлақ, Медеу, Каусар-Плаза және Смарт-Пойнт нүктесінде пилоттық режимде 5G желі іске қосылды. Технологияның өте жылдам дамуына байланысты біз осы 5G желісіне басымдық беріп отырмыз. Өйткені ол аз уақыттың ішінде анағұрлым көп мағлұмат бере алады.

Сонымен қатар, бұл желі кешкі уақытта телефоннан сериал көруге, жақындарымызбен видео арқылы сөйлесуге мүмкіндік береді», деді Баян Қоңырбаев.

Сонымен қатар, ол 5G желісін қосуда қалаға ешқандай шығын келмейтінін атап өтті. Оны операторлар өздері орнатып жатыр.