Бизнес • 02 Желтоқсан, 2021

Мемлекеттік бағдарламалар кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді

863 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Соңғы жылдары елдегі эпидахуалға байланысты экономиканың сәл бәсеңдеп, отандық кәсіпорындар іркіліп қалғаны белгілі. Осыған байланысты мемлекет тарапынан арнайы бағдарламалар әзірленіп, кәсіпкерлерге біршама қолдау көрсетіліп жатыр.

Мемлекеттік бағдарламалар кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді

«Қарапайым заттар экономикасы», «Бизнестің жол картасы-2020, 2025», «Нұрлы жер», БҰҰДБ сияқты кәсіпкерлерді қолдайтын мемлекеттік бағдарламаларға қатысушылардың көшбасшысы – «Сбербанк» АҚ ЕБ.

Банктің қаржыландыру көмегін пайдаланған Шығыс Қазақстан облысындағы «Май» акционерлік қоғамы отандық нарықтың 35%-ын қамтып отыр.

1922 жылы жеке-дара май шайқау орны болып құрылған зауыты бүгінде №1 май зауыты атанған. Жүз жылдық тарихы бар көне зауыт жылына 100 тонна майлы дәндерді өңдейтін алпауыт зауытқа айналған.

«Тек бізде ғана 48 сағат ішінде күнбағыс майы тұқымынан дайын өнім шығаратын бірегей өндіріс бар. Бұл майдың қышқылдануына жол бермейді. Сондықтан өнімнің сапасы жоғары болып шығады», деп түсіндірді «Май» АҚ-ның директоры Татьяна Костина.

Ел тұтынушылары «Маслозавод №1», «Забота», «Майское», «Кудесница» деп аталатын өнімдерді жақсы біледі. Бұл майларды дәл осы зауыт ұсынады. Ал шикізат Өскемен маңындағы аудандардан үздіксіз жеткізіліп тұрады. Басшылықтың айтуынша, зауыт тәулігіне 300 тонна күнбағыс дәнін қабылдайды.

Қазақстан бойынша «Май» АҚ-ның өз алдына жекеменшік элеваторы мен қоймаларын қоса алғанда, өз қуатының толық спектріне ие жалғыз зауыт болып табылады. Өндіріс үдерісі 48 сағатқа созылып, майдың пайдалы қасиеттері сақталады.

Айта кетсек, зауытта Қазақстанда баламасы жоқ Швейцарияның «Buhler» компаниясынан тұқымды автоматты түрде тазалау және дайындау желісі орнатылған, ол қауыздың 90%-ын жояды.

«Сбербанк өңдеу өнеркәсібін дамытуға айрықша мән береді. Біз «Май» АҚ-мен 2009 жылдан бері жұмыс істеп келеміз және осы жылдарда кәсіпорынға қазақстандық нарықта көшбасшылық позицияны сақтап қалуға мүмкіндік беретін бірнеше инвестициялық жобаларды бірлесіп іске асырдық. Зауыт біздің негізгі және сенімді серіктестеріміздің бірі», деді «Сбербанк» АҚ ЕБ Өскемен қаласындағы филиалының директоры.

О.Федоренконың айтуынша, банк тамақ өнеркәсібі, машина жасау, металлургия, туризм, қызметтер және сауда жобаларына баса назар аударады. Қазіргі уақытта аймақтық филиалда 3000-нан астам заңды және 80 000-нан астам жеке тұлғаларға қызмет көрсетіледі.

Биыл мемлекеттік бағдарламалар аясында филиал 10 млрд теңгеден астам сомада түрлі жобаларды қаржыландырған.