Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен барып, EXPO 2020 Dubai дүниежүзілік көрмесінде Қазақстанның ұлттық күні аясындағы іс-шараларға қатысты.

Халықаралық көрмеде еліміздің ұлттық күні Қазақстан Республикасының Туын көтеру рәсімімен басталды. ЭКСПО-ның Al Wasl Plaza орталық алаңында өткен салтанатты іс-шараға Премьер-Министр Асқар Мамин мен БАӘ Толеранттық және қатар өмір сүру мәселелері жөніндегі министрі, ЭКСПО 2020 Dubai көрмесінің бас комиссары шейх Нахайан бин Мубарак әл Нахайан қатысты.
Үкімет басшысы сондай-ақ қазақстандық сауда-инвестициялық форумға қатысты. Онда Қазақстан мен БАӘ-нің мемлекеттік органдарының, іскерлік орталарының, ұлттық холдингтері мен даму институттарының 100-ге жуық өкілі бас қосты.
– Бүгінгі таңда Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы қарым-қатынас сапалы жаңа деңгейге көтерілді. 1991 жылдан бастап БАӘ Қазақстан экономикасына 4 млрд доллардан астам инвестиция салды. Қазақстанда БАӘ капиталы бар 250-ден астам компания жұмыс істейді. Жаһандық экономикада сақталып отырған сын-тегеуріндерге қарамастан, елдеріміздің ынтымақтастығы нығая түсуде, – деді А.Мамин форумның пленарлық сессиясында сөйлеген сөзін-
де.
Үкімет басшысы екіжақты қарым-қатынас үшін маңызды оқиғалардың бірі – биылғы қазан айында экономиканың басым салаларында жобаларды дамыту бойынша ұзақмерзімді стратегиялық серіктестік орнату туралы үкіметаралық келісімге қол қою болғанын атап өтті. Құжат Қазақстан ұлттық экономикасының энергетикалық, агроөнеркәсіптік, көлік-логистикалық, фармацевтикалық және қаржы секторларындағы жобаларды іске асыруға бағытталған, инвестициялардың жалпы көлемі 6 млрд доллардан асады.
Форумның пленарлық сессиясында Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, БАӘ Энергетика және инфрақұрылым министрі Сухейл әл-Мазруи, БАӘ Мемлекеттік министрі Ахмед Али әл-Сайех және өзге де тұлғалар сөз сөйледі.
Біріккен Араб Әмірліктері Энергетика және инфрақұрылым министрі Сухейл әл-Мазруи екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынасты жоғары бағалады. Ол жаңа инвестициялар энергетикалық және инфрақұрылымдық секторларға бағытталғанын және екі ел арасындағы бірлескен жұмыстың жаңа кезеңінің басталғанын атап өтті. Министр сондай-ақ БАӘ-нің әлемнің 30-ға жуық елінде жүргізген жобаларының нәтижесінде жаңартылатын энергия секторында үлкен тәжірибесі барын баса айтты. БАӘ мен Қазақстан арасындағы мұнайдан бөлек сауданың жалпы көлемі 2016 жылдан 2020 жылға дейін 246 млн доллардан 470 млн долларға ұлғайғанын айтқан Сухейл әл-Мазруи бұл екі ел арасындағы әріптестік пен достықтың өсіп келе жатқанын көрсетеді деді.
Қазақстанның Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев БАӘ-мен энергетикалық сектордағы жаңа келісімдер Қазақстанда тұтынылатын энергияның жалпы көлеміндегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 2030 жылға қарай 3%-дан 15%-ға дейін арттыру мен Қазақстанның көмірге тәуелділігін 70%-дан 40%-ға дейін төмендету бойынша алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ететінін мәлімдеді.
Ал БАӘ-нің мемлекеттік министрі Ахмед Али әл-Сайех соңғы онжылдықта елдер арасындағы екіжақты қарым-қатынаста оң өзгерістер болғанын айтып, келесі кезеңде экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің мүмкіндіктері бар екенін атап өтті.
Форум қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ мен Abu Dhabi Developmental Holding Company (ADQ) тәуелсіз қоры арасында стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге, сондай-ақ Қазақстанда жалпы қуаттылығы 4 ГВт болатын күн және жел электр стансаларын салу бойынша инвестициялық құжаттарға қол қойылды.
Қазіргі уақытта әмірліктер компаниялары Қазақстанда жалпы құны 3,5 млрд доллардан асатын 11 ірі инвестициялық жобаны іске асыруға қатысып жатыр. Премьер-Министр А.Мамин Дубай қаласына сапары аясында «QazTrade сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ цифрлы көрмесімен танысып, ЭКСПО 2020 Dubai көрмесінің тақырыптық павильондарын аралады, сондай-ақ ол БАӘ жетекші компанияларының басшылығымен келіссөздер жүргізді.
Қазақстанның ұлттық күні ЭКСПО аумағында дүниежүзілік көрме қонақтарына арналған мерекелік концертпен аяқталды. Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрі, опера әншісі Мария Мудряк, «Астана балет» ұжымы мен Қазақстанның басқа да әртістері көрерменге қазақ даласының сазды әуенін, мәдениетін, ұлттық музыкасын таныстырды.
Дубай,
Біріккен Араб Әмірліктерінен
Елордада қаржы пирамидаларына қатысты 10 қылмыстық іс қозғалды
Елорда • Бүгін, 14:08
Депутат мектепке дейінгі білім беру саласындағы мәселені көтерді
Қазақстан • Бүгін, 13:57
Сенатор Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жұмысын сынға алды
Қазақстан • Бүгін, 13:42
Қызылордада 134 млн теңге бюджет қаржысы ұрланған
Аймақтар • Бүгін, 13:29
Лифтіде әйелін соққыға жыққан ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Қоғам • Бүгін, 13:21
Ресейде соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегі табылды
Қазақстан • Бүгін, 13:09
Қазгеоақпарат және Қазгеология мекемелері біріктіріледі
Қоғам • Бүгін, 13:00
Шымкент полицейлері киберқылмыскерлердің тобын ұстады
Аймақтар • Бүгін, 12:52
Алтын қорының 36 пайызы ШҚО-да шоғырланған
Қоғам • Бүгін, 12:40
Жыл басынан бері салық түсімі 1,6 есе көбейді
Қазақстан • Бүгін, 12:32
Елімізде темекі бағасы қымбаттайды
Қазақстан • Бүгін, 12:24
Мемлекет басшысы Сенат төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 12:18
Ахмет Байтұрсынұлының туған үйін қайта жаңғырту жұмысы тоқтатылды
Аймақтар • Бүгін, 12:15
1 млрд теңге жымқырған шенеунік 7 жылға сотталды
Қазақстан • Бүгін, 12:06
Бірнеше өңірден жаңа кен орындарын іздеу басталды
Экология • Бүгін, 12:00
Мұнай мен газ қорының 75 пайызы Атырау облысында шоғырланған
Қоғам • Бүгін, 11:53
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаттары марапатталды
Әдебиет • Бүгін, 11:45
Каспий жағалауында итбалықтар әлі де қырылып жатыр
Экология • Бүгін, 11:38
Қазақстанда 16 мыңға жуық шетел азаматы жұмыс істейді
Қоғам • Бүгін, 11:32
Қорғасын мен мырыштың жаңа кен орындары ашылуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 11:22
Қорғаныс министрлігі өзімен-өзі сөйлесетін сарбазға қатысты түсініктеме берді
Аймақтар • Бүгін, 11:16
Ақтөбеде есірткі сатқан полиция қызметкері ұсталды
Оқиға • Бүгін, 11:07
Әлемде 44 миллион адам аштық алдында тұр – БҰҰ
Әлем • Бүгін, 10:58
Тағы жеті қазақстандық коронавирусқа шалдыққан
Коронавирус • Бүгін, 10:46
Жарнама сайттары арқылы жоқ тауарды саудалаған екі алаяқ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:35
Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағы үшін күреседі
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:28
Қазақстан-Қытай арасында радиоактивті қалдықтарды өткізбеуге қатысты заң қабылданды
Үкімет • Бүгін, 10:19
«Айнтрахт» Еуропа лигасының жеңімпазы атанды
Футбол • Бүгін, 10:08
Nickelodeon мультфильмдері қазақ тілінде көрсетіле бастады
Қоғам • Бүгін, 10:00
Ерден Әріпов Жоғарғы Сот судьясы қызметінен босатылды
Қоғам • Бүгін, 09:57
Шымкентте тергеу изоляторындағы күдікті көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 09:48
Қаржы • Бүгін, 09:36
Түрік компаниясы Қазақстанда тері өңдеу зауытын салады
Қазақстан • Бүгін, 09:23
Қоғам • Бүгін, 09:00
Қоғам • Бүгін, 08:58
Телевизиялық байқау жеңімпаздары анықталды
Қазақстан • Бүгін, 08:57
Спорт • Бүгін, 08:55
Теннис • Бүгін, 08:54
Спорт • Бүгін, 08:53
Қоғам • Бүгін, 08:52
Ұқсас жаңалықтар