Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2021

Жамбыл жастары Елбасы үндеуін қолдайды

459 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Тұңғыш Президент күніне орай М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Елдіктің жеті тұғыры» атты жастарға арналған үндеуі бойынша ашық диалог өтті. Шараға қатысушылар әуелі «Елдіктің жеті тұғыры» атты жеті тақырыптағы кітап пен фото, картиналар және жобалар көрмесімен танысты. Сондай-ақ Елбасы туралы бейнероликті тамашалады.

Жамбыл жастары Елбасы үндеуін қолдайды

Жиынға қатысқан Жам­был облысының әкімі Берді­бек Сапарбаев Тұңғыш Пре­зидент күні мерекесінің маңыздылығын және Нұр­сұл­тан Назарбаевтың ел үшін сіңірген еңбегін атап өтті. Өз сөзінде тәуелсіздік жыл­дарындағы еліміздің және облыстың толайым табыстарына да жан-жақты тоқталды. «Елбасы – еліміздегі тарихи бетбұрыс тұсында тәуел­сіздігіміздің тұғырлы, еге­мен­дігіміздің еңселі болуына өлшеусіз үлес қосты. Тәуелсіздік алған жылдан бері еліміздің бір бөлшегі ретінде облысымыз да әлеуметтік-экономикалық дамуды бастан кешті. Өздеріңіз білесіздер, жақында ғана Nur Otan пар­ти­ясы Саяси кеңесінің кеңей­тілген отырысында Ел­басы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жаңа дәуірдегі қазақстандықтарға бағдар болатын «Елдіктің жеті тұ­ғы­ры» атты қағидаттарын ұсынды. Олар: Тәуелсіздік – кез келген азамат үшін ең қастерлі құндылық. Бірлік пен келісім – елдігіміздің мыз­­ғымас тұғыры. Жер – ата-баба мұрасы, халық қа­зы­­н­асы. Отбасы мен салт-дәстүр – қоғамның алтын дің­гегі. Ұлттық мәдениет – ха­лықтың рухани тірегі. Білім мен еңбек – бақуатты өмірдің кілті. Прагматизм – бәсекеге қабілетті болудың кепілі. Бұл қағидаттардың халқымыз үшін, әсіресе жас ұрпақ үшін маңызы зор. Осы құндылықтарды бойына сіңіру арқылы әрбір жас жетістікке жетуге, қоғамға пайдалы адам болуға, қоғам­ның белсенді мүшесі ретінде өмірлік ұстанымдарын қа­лып­тас­тыруға ұмтылуы тиіс. Біздің алдымызда атал­ған қағидаттан туындайтын аса үлкен міндеттер тұр. Ең алдымен, қағидатты облыс тұр­­ғындары арасында кең ауқым­ды түсіндіру шараларын қолға алуымыз керек. Бүгінгі кездесуіміз де дер кезінде ұйым­дастырылып отыр. Осы бағыттағы іс-шара­лар барлық өңірде, ұжым­да өз жалғасын табуы керек», деді Б.Сапар­баев.

Сонымен қатар әкім тәуел­сіздік жылдары мемлекет тарапынан жастарға көрсе­тіліп келе жат­қан айрық­ша қолдаулар туралы да айтып, ертеңгі ел тұтқасы саналатын бүгінгі жастарға үлкен сенім артылатынын жеткізді. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», деп дана Абай айтқандай, бүгінгі жастар еңбекке бейім, білімге құш­­тар болуы керек. Көп дү­ние өскелең ұрпаққа байланыс­ты. Мемлекетіміз тәуелсіз­дік­тің алғашқы жыл­­да­­рынан бастап жастар саяса­тына айрықша көңіл бөліп келеді. Елбасымыздың бастамасымен «Болашақ» бағдарламасы қолға алынып, мемлекет есе­бінен жастарымызды ше­тел­дердегі ең үздік оқу орын­дарында оқытуға жағ­дай жасалды. Мұндай мүмкіндік басқа ешқандай елде жоқ», деді Б.Сапарбаев.

Бұдан кейін, ашық  диа­лог­­қа қатысушылар әр адам рухани жаңғыруды өзі­нен бастау керектігі жайында пікір алмас­ты. Ол үшін ба­ла­ға ерте жас­тан дұрыс тәрбие беру, өзінің ана тілін үйрету, ғасырлар бойы жасап келе жатқан ұлт­тық құн­дылықтарды санасына сіңі­ру, үздіксіз білім алу мен тынымсыз еңбек ету керек­тігі де айтылды. Жиын­­­ға қа­­ты­сушы жас­тар да Ел­ба­­­сы­­ның жүктеген мін­де­т­тері өздеріне үлкен се­нім, жі­­гер сыйлайтынын жет­кіз­­ді. Мәселен, «Еуразия әлемі – жастардың ғылыми ізденісінде» халықаралық ғылы­ми байқауының және республикалық ғылыми-ин­новациялық жобалар бай­қауының жеңімпазы Мар­жан Қалмаханова, Су шаруа­шылығы, экология жә­не құрылыс институтының сту­денті, Enactus Kazakhstan National Expo-2021 жары­сының жеңімпазы Дониор Шарахмонов, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік уни­вер­ситеті «Ұстаз» инсти­ту­тының студенті, респуб­ликалық ғылыми Science slam байқауының жеңімпа­зы Александр Скалкин, атал­ған оқу ордасының «Журна­листика» мамандығының студенті, «Қасиетті Қазақ елі» халықаралық фестивалінің бас жүлдегері Жұматай Көк­субай, самбодан Азия чемпионы, әлем чемпионатының қола жүлдегері, елімізде өткен XI жазғы универсиадасында қазақ күресінің жеңімпазы атанған Аязбек Елизат және тағы да басқа жас­тар ойларын ортаға салып, жастарды қолдауға қатысты ұсыныс-пікірлерін білдірді. Бұл ретте Б.Сапарбаев еркін диалог барысында айтылған барлық ұсыныстың назар­ға алынатынын атап өтті.

Кездесуде өңірдің тәуел­сіз­дік жылдардағы даму тарихы туралы бейнеролик көрсе­тілді. Сонымен қатар М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің оқы­тушы-профессорлары жә­­не студенттері марапатталды. Бірқатар студентке Nur Otan партиясының мүшелік билеттері табысталды.

Ашық диалог аясында университет жастары еліміз­дің Тұңғыш Президенті Нұрсұл­тан Назарбаевтың «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттары бойынша ел жастарына үн­деу арнап, Шымкент қала­сындағы М.Әуезов атын­дағы университеттің студент­теріне челлендж жолдады.

 

Жамбыл облысы