«ҚазТрансГаз» ұлттық компаниясы Нұр-Сұлтан қаласындағы Интернациональный, Мичурино және Күйгенжар тұрғын үй алаптарын табиғи газға қосты. Айтулы оқиға Тұңғыш Президент күні қарсаңында орын алып, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келді.

Газ құбырларының жалпы ұзындығы 101 шақырымды құрап отыр. Олардың жұмысын жаңадан салынған тиісті газ инфрақұрылымы қамтамасыз етеді. Барлығы 1 164 абонентті газдандыру жоспарлануда. Оның ішінде Интернациональный тұрғын үй алабында – 1 182, Мичуринода – 226, Күйгенжар тұрғын үй алабында 236 абонент газға қосылмақ.
Интернациональный тұрғын үй алабының алғашқы тұтынушыларына газды қосудың салтанатты рәсіміне Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ астана өндірістік филиалының директоры Дәулет Арықбаев қатысты.
Д.Арықбаевтың айтуынша, ел астанасының алғашқы абоненттері газға өткен жылдың ортасында қосылған. Жақында олардың саны мыңнан асты.
– Бүгіннен бастап біз Интернациональный, Мичурино және Күйгенжар тұрғын үй алаптарына көгілдір отын бере бастаймыз. Ең алдымен газ күнделікті тұрмыста қолдануға қолайлы отын. Екіншіден, экологиялық таза өнім саналады. Ең бастысы, тұрғындар қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаса екен, – деді «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ астана филиалының директоры.
Қазір Нұр-Сұлтанда болашақ абоненттерден тұрғын үйлерді газдандыру үшін техникалық шарттар беруге өтініштер қабылдау белсенді жүргізіліп жатыр. Бүгінде қала бойынша 4 600-ден астам техникалық шарт беріліп, 15 мыңнан астам адам кеңес алды.
Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ арасында жаңа салынған газ тарату желілеріне сенімгерлік басқару шарты жасалды. Бүгінгі таңда газды іске қосудың төрт кешені пайдалануға берілді. Қалаішілік газ тарату желілерін жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік бюджет есебінен салуда. Қазіргі уақытта жоспарланған 486,5 шақырым газ құбырының 78 шақырымы салынды.
Нұр-Сұлтан қаласында 22 мың жеке тұрғын үйді, 192 жеке қазандықты, 48 шағын коммуналдық қазандықты, 2-ші ЖЭО-ны газға көшіру жоспарлануда. Бұдан бөлек тұтынушылардың орталық жылу жүйесіне қосылмаған коммуналдық-тұрмыстық және өнеркәсіптік нысандары газдандырылады.
Осылайша, ел астанасының Алматы және Сарыарқа аудандары толықтай газбен қамтамасыз етілді.
– Газға көшудің артықшылықтары көп. Газ қолданыста ыңғайлы, экологиялық тұрғыдан таза әрі қауіпсіз. Бүгін газға көшкен бірқатар елді мекеннің тұрғындарымен кездестік. Орташа есеппен алғанда олар осы күнге дейін қыс мезгілінде 20-60 тонна көмір жағып келген. Үйлер газға қаншалықты көп қосылса, қала атмосферасына зиянды заттардың таралуы соғұрлым азаяды, – деді Алтай Көлгінов.
Әкімнің айтуынша, қазір қалада 1,5 мыңнан астам отбасы газды пайдалануға көшкен. Осының есебінен кемінде 20 мың тонна көмір жағылмай отыр. Сондай-ақ барлық су жылыту қазандығы газға ауыстырылды. Бұл шаралар қала экологиясына жағымды әсер етеді. Бұған дейін Көктал-1, Көктал-2, Теміржолшылар, Промышленный, Агроқалашық, Оңтүстік-шығыс елді мекендерінің тұрғындары газға көшу мүмкіндігіне ие болды. Бұл ретте 650 шақырымнан астам газ тарату желісі салынды.
– Газдандыру – Елбасының тарихи жобасы. Ол үш кезеңнен тұрады. Жобаны жүзеге асыра бастаған сәттен бастап әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға газға көшуге көмектесу үшін қолдау көрсетіліп келеді. Басты критерий – басқа тұрғын үйдің болмауы және төрт ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы. Бұл дегеніміз – 153 872 теңге. Бұл санаттарға 90 АЕК мөлшерінде ақшалай көмек бөлеміз. Бұл 260 мың теңгеден астам қаражатты құрайды. Әлеуметтік көмектің осы түрін алуға өтінімді egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы қалдыруға болады. Газдандыру процесі Мемлекет басшысының тікелей бақылауында, – деп жазды астана әкімі өзінің Instagram желісіндегі ресми парақшасына.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ өндірістік-техникалық департаментінің директоры Уәлихан Қымбатовтың айтуынша, егер газдың келуі ақырындаса немесе басқа да жағдайлар орын алса, тұрғындар 104 бірыңғай нөміріне хабарласуы керек. Болмаса iKomek қосымшасында өтініш қалдырған жөн. Мұндай жағдайда компанияның екі мобильді бригадасы тұрғындарға жедел көмек көрсетіп, орын алған проблеманы дереу шешеді.
Көгілдір отынға қолы жеткен тұрғындардың қуанышында шек жоқ. Қаланың байырғы тұрғыны Әділбек Төлекенов газға қосылу тұрғындардың өмірін жеңілдете түскенін жеткізді.
– Тұрғындар ауыр жұмыстан арылып, экологиялық таза отынға көшті. Біз бұл күнді асыға күттік. Елдің тұрақты дамуының нәтижесінде Интернациональный тұрғын үй алабында да өркениеттің оң белгілері біліне бастады. Осы күнге дейін үйді көмірмен жылытып келдік. Жылына 22 тонна көмір жағамыз. Осылайша, бір маусымға 400 мың теңгеден астам қаржы жұмсаймыз. Бұған адамдарға айтарлықтай ауыртпалық әкелетін дене жүктемесін әрі экологияға тиген зиянды қосыңыз. Ал газға қосылу өмірімізді жақсарта түспек. Бұл – үлкен игілік. Сондықтан игілікті іске ұйытқы болған ел басшылығына, қала әкіміне және тиісті жұмыстарды тиянақты атқарған «ҚазТрансГаз» компаниясына алғысымызды білдіреміз, – деді Әділбек Төлекенов.
Кәсіпкерден 260 мың доллар бопсалаған ер адам ұсталды
Қоғам • Бүгін, 15:07
Президент Бақтықожа Ізмұхамбетовті қабылдады
Президент • Бүгін, 14:55
Шекарадан есірткі алып өтпек болған шетелдік ұсталды
Оқиға • Бүгін, 14:52
Алматы облысында қоқыс арасынан 5 жасар қыздың денесі табылды
Оқиға • Бүгін, 14:40
Оралда түрмедегі төбелеске байланысты 12 қызметкер жауапқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 14:33
Sarap: Конституциялық референдум – жалпыхалықтық дауыс
Қазақстан • Бүгін, 14:25
Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының финалына жолдама алды
Бокс • Бүгін, 14:18
Елордада қаржы пирамидаларына қатысты 10 қылмыстық іс қозғалды
Елорда • Бүгін, 14:08
Депутат мектепке дейінгі білім беру саласындағы мәселені көтерді
Қазақстан • Бүгін, 13:57
Сенатор Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жұмысын сынға алды
Қазақстан • Бүгін, 13:42
Қызылордада 134 млн теңге бюджет қаржысы ұрланған
Аймақтар • Бүгін, 13:29
Лифтіде әйелін соққыға жыққан ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Қоғам • Бүгін, 13:21
Ресейде соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегі табылды
Қазақстан • Бүгін, 13:09
Қазгеоақпарат және Қазгеология мекемелері біріктіріледі
Қоғам • Бүгін, 13:00
Шымкент полицейлері киберқылмыскерлердің тобын ұстады
Аймақтар • Бүгін, 12:52
Алтын қорының 36 пайызы ШҚО-да шоғырланған
Қоғам • Бүгін, 12:40
Жыл басынан бері салық түсімі 1,6 есе көбейді
Қазақстан • Бүгін, 12:32
Елімізде темекі бағасы қымбаттайды
Қазақстан • Бүгін, 12:24
Мемлекет басшысы Сенат төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 12:18
Ахмет Байтұрсынұлының туған үйін қайта жаңғырту жұмысы тоқтатылды
Аймақтар • Бүгін, 12:15
1 млрд теңге жымқырған шенеунік 7 жылға сотталды
Қазақстан • Бүгін, 12:06
Бірнеше өңірден жаңа кен орындарын іздеу басталды
Экология • Бүгін, 12:00
Мұнай мен газ қорының 75 пайызы Атырау облысында шоғырланған
Қоғам • Бүгін, 11:53
Қазақстан Жазушылар одағында әдеби жыл қорытындысы өтті
Әдебиет • Бүгін, 11:45
Каспий жағалауында итбалықтар әлі де қырылып жатыр
Экология • Бүгін, 11:38
Қазақстанда 16 мыңға жуық шетел азаматы жұмыс істейді
Қоғам • Бүгін, 11:32
Қорғасын мен мырыштың жаңа кен орындары ашылуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 11:22
Қорғаныс министрлігі өзімен-өзі сөйлесетін сарбазға қатысты түсініктеме берді
Аймақтар • Бүгін, 11:16
Ақтөбеде есірткі сатқан полиция қызметкері ұсталды
Оқиға • Бүгін, 11:07
Әлемде 44 миллион адам аштық алдында тұр – БҰҰ
Әлем • Бүгін, 10:58
Тағы жеті қазақстандық коронавирусқа шалдыққан
Коронавирус • Бүгін, 10:46
Жарнама сайттары арқылы жоқ тауарды саудалаған екі алаяқ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:35
Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағы үшін күреседі
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:28
Қазақстан-Қытай арасында радиоактивті қалдықтарды өткізбеуге қатысты заң қабылданды
Үкімет • Бүгін, 10:19
«Айнтрахт» Еуропа лигасының жеңімпазы атанды
Футбол • Бүгін, 10:08
Nickelodeon мультфильмдері қазақ тілінде көрсетіле бастады
Қоғам • Бүгін, 10:00
Ерден Әріпов Жоғарғы Сот судьясы қызметінен босатылды
Қоғам • Бүгін, 09:57
Шымкентте тергеу изоляторындағы күдікті көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 09:48
Қаржы • Бүгін, 09:36
Түрік компаниясы Қазақстанда тері өңдеу зауытын салады
Қазақстан • Бүгін, 09:23
Ұқсас жаңалықтар