Сәл сейілгендей болғанымен, дүркін-дүркін бас көтеріп, дүмеп тұрған жаман тұмаудың жолын кесу жалғыз-ақ екпе алуға байланысты екені мәлім болғалы қашан. Алыпқашты жаяу әңгіме де, әлеуметтік желіде қаптап кеткен екпе туралы теріс пікір де елді алаңдатпай қойған жоқ.

Бір-бірімен жалғаса келіп, жарға соққандай екпінмен ел ішін опыр-топыр еткен тажал аурудың адам талғамайтындығы тағы рас. Алғашқыда ересектер ғана шеңгеліне іліксе, соңғы уақытта жасөспірімдер мен балалардың арасында да жайылып барады. Мәселен, жаңа оқу жылы басталғалы оқушылардың дертке шалдығуының 1 257 оқиғасы тіркелді. Осыған орай аймақтағы 52 мектептің 82 сыныбы қашықтан оқытуға көшірілген. Соңғы тәуліктерде тағы да 8 баланың індет жұқтырғаны белгілі болды. Демек, карантиндік талаптарды бұлжытпай сақтау өз алдына, аузын арандай ашқан жаман тұмаудың бетін қайтару үшін міндетті түрде екпе салдырғаны дұрыс. Балалардың жайы осындай болғанда, індет жоғары оқу орнында да жиі кездесе бастады. Айталық, жаңа оқу жылынан бері орта арнаулы білім ошақтарының 164 білім алушысы, жоғары оқу орындарының 26 студенті дерт қармағына іліккен. Осы арада оқырманның көзін әбден жеткізу үшін тағы бір деректі келтіре кетсек артықтығы болмас. Індет қаулап тұрған өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 14 жасқа дейінгі балалардың жаман тұмау жұқтыруы 18, ал 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер 25 есе көбейген. Міне, осы денеңді түршіктіретін дерттің таралуы ойландырмай қоймайды. Мамандардың айтуына қарағанда, бірден бірге тарап, шарасыз адамдарды әбден басынып алған, аямастан шеңгелін салып жатқан жаман тұмауды ауыздықтау тек қана екпе алуға байланысты.
Өңірге қараша айының 18-інде екі компонентті Pfizer вакцинасының 35 мың дозасы жеткізілді. Мектеп оқушыларының арасында екпе алуға ниет білдірушілер аз емес. Ата-аналарының жазбаша келісімі бойынша 727 оқушы екпе алмақ. Облыс орталығында жасөспірімдердің алғашқы тобы вакцина алуды бастап кетті. Облысқа жеткізілген вакцина аудандарға таратылмақ. Алғашқы кезекте 12 мен 17 жас аралығындағы жасөспірімдерді екпемен қамтамасыз ету көзделуде.
Облыс ауруханалары, қосымша жабдықталған мобильді бригадалар қазір жауапты іске дайын. Білім ошақтарындағы медициналық пункттер жабдықталып, медицина қызметкерлері арнайы әдістемелік дайындықтан өткізілді. Жауапты науқанға 830 медицина қызметкері жұмылдырылатын болса, оның 149-ы дәрігер, 681-і
орта медицина қызметкерлері.
Ақмола облысы
Елорда әкімі мердігерге ЖЭО-3 құрылысын аяқтауды тапсырды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Қарағанды мешітінде ұрлық жасаған жас жігіт ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:05
Елордалық бес кикбоксер Ислам ойындарының финалына шықты
Елорда • Бүгін, 11:52
Қызылордада ірі есірткі алқабы жойылды
Аймақтар • Бүгін, 11:45
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жаңа төрағасы таныстырылды
Қазақстан • Бүгін, 11:34
Елордада кезекті бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті
Елорда • Бүгін, 11:28
Магистратураға түсуге 17 мың талапкер өтініш берді
Білім • Бүгін, 11:18
Алматыда көпқабатты үйден әйел құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 11:07
Дизельді заңсыз тасымалдаған қызылордалық сотталды
Аймақтар • Бүгін, 11:00
Қоғам • Бүгін, 10:53
Еліміздің 7 өңірінде Бала құқықтары жөніндегі уәкіл тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:40
Нұр-Сұлтан дәріханаларында есірткі сатылып келген
Елорда • Бүгін, 10:34
Коронавирус жұқтырған 37 науқастың жағдайы ауыр
Коронавирус • Бүгін, 10:27
Өскеменде жоғалып кеткен әйел табылмай жатыр
Оқиға • Бүгін, 10:15
Қытайда аптап ыстыққа байланысты қауіптің қызыл деңгейі жарияланды
Әлем • Бүгін, 10:02
Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады
Ауа райы • Бүгін, 09:52
Мемлекет басшысы Сингапурға ресми сапармен барады
Қазақстан • Бүгін, 09:47
Юлия Путинцева Цинциннати турнирінде жеңіліп қалды
Теннис • Бүгін, 09:35
17 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:23
Ішкі істер министрлігіне қарасты ЖОО басшылары жауапқа тартылды
Қазақстан • Бүгін, 09:17
Ерлан Ыдырысов қызметінен босатылды
Президент • Бүгін, 09:03
Елімізде тағы 1 104 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Спорт • Бүгін, 08:40
Спорт • Бүгін, 08:38
Спорт • Бүгін, 08:35
Өнер • Бүгін, 08:33
Таным • Бүгін, 08:30
Жұқпалы індеттен абай болған абзал
Медицина • Бүгін, 08:28
Қаржы • Бүгін, 08:25
Қос ауданда өткен азаматтық қабылдау
Саясат • Бүгін, 08:23
Мемлекеттік сыйлық: Үміткерлер іріктелді
Қазақстан • Бүгін, 08:21
Саясат • Бүгін, 08:20
Саясат • Бүгін, 08:18
Алманың атасы: Жетісу сиверсінің жайы қандай?
Аймақтар • Бүгін, 00:18
Қоғам • Бүгін, 00:15
Экономиканың өсуіне нақты сектор үлес қосып отыр
Саясат • Бүгін, 00:12
Аймақтар • Бүгін, 00:11
Аймақтар • Бүгін, 00:10
Өзгермелі әлемдегі ынтымақтастық жолы
Саясат • Бүгін, 00:06
Жетінші съездің арқалаған жүгі қандай?
Қазақстан • Бүгін, 00:03
Ұқсас жаңалықтар