Экономика • 03 Желтоқсан, 2021

Субсидиялау жүйесі онлайн жүргізілетін болады

520 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Сенатта өткен парламенттік тыңдауда Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп жазады Egemen.kz.

Субсидиялау жүйесі онлайн жүргізілетін болады

«Субсидиялау жүйесі, ең алдымен, оның тетіктерін оңайлату және бағыттарды оңтайландыру, барлық субъектілер үшін тең қолжетімділікті қамтамасыз ету есебінен реформаланады. Бұдан басқа, субсидиялар түпкілікті нәтижеге қол жеткізуге бағытталады. Сондай-ақ субсидия алушылар нақты индикативтік көрсеткіштерге қол жеткізу үшін тиісті міндеттемелерді қабылдайтын норма енгізіледі»,  деді министр.

Қарашөкеевтің сөзінше, субсидиялар беру тетігі одан әрі жетілдірілу мәселесі цифрландырудың жаңа платформасын енгізу арқылы жүзеге асырылады.

«Ең маңыздысы, бұл қызмет шаруалар үшін ақысыз түрде көрсетіледі. Осы істерді атқару мақсатында министрлікте арнайы жұмыс тобы құрылды. Оған салалық қауымдастықтар мен одақтардың, агробизнестің, ғылымның, мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілдері де кірді», деп түсіндірді Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Сенатта.

Министрдің айтуынша, субсидия тетіктерін жетілдіру жұмыстары бізге оның экономикаға тигізер әсерін бағалауға, субсидия алу процесстеріне адами факторлардың ықпалын мейлінше азайтуға және де мемлекеттік қолдаудың тұрақтылығын сақтауға қол жеткізеді.

Соңғы жаңалықтар

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20

Әзизаның дебюті

Өнер • Бүгін, 10:10

Ауыл балаларының қуанышы

Аймақтар • Бүгін, 09:45

Бар ізгілік – білімде

Қоғам • Бүгін, 09:40

Сөзге салынған шынжыр кісен

Әдебиет • Бүгін, 09:35

Жүрек тулатқан жырлар

Руханият • Бүгін, 09:30