Қазақстан • 03 Желтоқсан, 2021

Картоп экспортына шектеу енгізілуі мүмкін

803 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев елден қазақстандық картопты шығаруды шектеу мәселесі қаралып жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Картоп экспортына шектеу енгізілуі мүмкін

«Биыл Ресейде егін жинау 8,3%-ға аз. Көршілер бізден картоп сатып алуда. Сондықтан біз қыс мезгілінде бағаның күрт көтерілуіне жол бермеу үшін үш айлық шектеуді қарастырамыз», деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі.

Сондай-ақ ол Қазақстанда биыл картоп түсімі бұрынғыға қарағанда 100 мың тоннаға аз жиналғанын айтты.

Егер көрші елдер басқа нарықтарды тауып, қыста және көктемде бағаның өсуі қаупі болмаса, онда картоптың экспорты шектелмейді.