Елбасы • 04 Желтоқсан, 2021

Тұрақтылық пен орнықты даму – Тәуелсіздік жемісі

441 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Қазақстан Тәуелсіздік жылдарында қоғамдық дамудың барлық саласында зор табысқа қол жеткізді. Бүгінде егемен еліміз – экономикалық жүйедегі ауқымды қайта құрудың ғана емес, ұлтаралық келісімнің үлгісі саналады.

Тұрақтылық пен орнықты даму – Тәуелсіздік жемісі

Тәуелсіз Қазақстанның 30 жылдық жолы – қарқынды дамып келе жат­қан нарықтық экономикасы және көп­векторлы сыртқы саясаты бар жас мем­лекеттің қалыптасуының күрделі де дара жолы.

Тәуелсіздіктің мерейтойлық ме­же­­лік кезеңінде жүріп өткен жолды қоры­тын­ды­лай келе, еліміз осы жылдар ішінде барлық салада – саяси-экономикалық, әлеуметтік, идеология және инвестиция қыз­­­метінде жоғары даму қарқынында бел­гілі нәтижеге жетті. Сондай-ақ ха­лық­аралық аренадағы өз ұстанымын ны­­ғайтып, бейбіт және ашық мемлекет ре­­тінде орнықты деп сеніммен айтуға болады.

2012 жылы Қазақстан әлемнің бә­се­ке­ге қабілетті 50 елінің қатарына енді. 2015 жылғы 30 қарашада Қазақстан Дү­ние­­жүзілік сауда ұйымының толық­қан­ды мүшесі болды.

Осы жолда Тәуелсіз Қазақстан тари­хындағы маңызды оқиғалардың бірі – «ЭКСПО-2017» халықаралық ма­ман­дан­дырылған көрмесін өткізуі. Оған 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысты. Көрмеге 4 миллионнан астам адам келсе, олардың жарты миллионға жуығы басқа мемлекеттерден. Қазақстан посткеңестік кеңістікте ЭКСПО көрмесін қабылдаған алғашқы ел болды.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде тікелей шетелдік инвес­ти­ция­лар­дың 50%-ға жуығы Еуропалық одақ елдерінен тартылды. Оның ішінде Нидерландтан – 69,6 млрд доллар, Фран­ция­дан – 16,7 млрд доллар, Бель­гия­дан – 8,7 млрд доллар, Италиядан – 6,8 млрд доллар және Германиядан 5 млрд доллар тар­тылса, Ресей, Қытай, АҚШ, Түркия, Жа­пония, Оңтүстік Корея сынды басқа да ірі елдер инвестор болды.

Елімізде 2018 жылы «Астана» ха­лық­аралық қаржы орталығы құрылды. Бұл идея елордамызды өңірдің қаржы ха­бына айналдыруға бағытталған. Қар­жы орталығы Қазақстанға көптеген инвес­тиция тартады. Өйткені ха­лық­­аралық қаржы орталығы арқылы қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды жағдайлар жасалады. Орталық Азия, Күнгей Кав­каз респуб­ли­калары, ЕАЭО, Таяу Шығыс, Батыс Қытай, Моңғолия және Еуропа компания­лары мен инвес­тор­лары үшін қаржылық хаб саналады. Оның қатысушыларына 50 жылға дейін салық жеңілдіктері, же­ңіл­детілген валюталық, визалық және ең­бек режімдері ұсынылған. Бұл жұмыс ағылшын құқығына негізделген өңірдегі жалғыз орталық.

Nur Otan партиясының сайлауалды тұғырнамасында атап өтілгендей, Қазақстанның негізгі жетістіктері: «Өз­ге­рістер жолы: әркімге лайықты өмір!» болып саналады: Қазақстанның айна­ласында «тату көршілік белдеуі» салынды, республика аумағындағы ең ірі экологиялық апат аймақтарын оңалту – Арал теңізін қалпына келтіру және Семей ядролық полигонын жабу жүргізілді, республикада бірлік, бейбітшілік, ке­лі­сім мен тұрақтылық қамтамасыз етілді, нарықтық экономика нөлден құ­рылды, елдің әлеуеті едәуір артты, де­мографиялық дағдарыс еңсерілді, қазақстандықтардың өмір сапасы ай­тар­лықтай жақсарды, экономиканың жаңа салалары қалыптасты, елдің ұзақ мерзімді экономикалық қауіпсіздігі үшін жағдай жасалды, көлік тәуелсіздігі қамтамасыз етілді, жаңа елорда салынды және т.б.

Мұның бәрі экономикалық қуатты және бәсекеге қабілетті мемлекет құру үшін сыртқы қаржылық қолдау мәсе­ле­ле­ріне маңызды рөл бері­ле­тін Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың кө­реген және сарабдал саясатының нәти­жесі.

Қазақстан егемендік алған сәттен бастап алдына Ұлттық экономикаға ше­телдік инвестицияларды тартуды өзек­ті мәселелердің бірі етіп қойды. Осы бағытта қолайлы инвестициялық ахуал жасау жөнінде үлкен жұмыс атқарылды. Соның нәтижесінде инвес­тициялар тарту үшін қажетті институ­цио­налдық және құқықтық негіздер жасалды.

Қазіргі уақытта атқарушы билік құ­рылымында инвестициялар тарту жөніндегі функциялармен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер ми­нис­тр­лігі, ал осы саладағы жалпы сая­сатты айқындаумен Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлттық экономика минис­тр­лігі ай­на­лысады.

Сыртқы істер министрлігінің құры­лы­мындағы Инвестициялар коми­те­ті мен KAZAKH INVEST ұлт­тық компаниясы АҚ тиісінше инвестициялар тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру саласындағы стратегиялық функцияларды және инвесторлармен келіссөздер жүргізу және инвестициялық жобалардың іске асырылуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді іске асырады.

Сонымен қатар бүгінгі таңда Пре­зидент жанындағы Шетелдік ин­вес­­торлар кеңесі, Премьер-Минис­тр жа­нын­дағы инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес, Үкі­мет жанындағы инвестицияларды тарту мәселелері жөніндегі Үйлестіру кеңесі сияқты консультативтік-кеңесші органдар жұмыс істейді.

Инвестиция саласындағы ынты­мақ­­тастықты құқықтық негізді үкі­мет­аралық келісімдер мен шарттар құ­райды. Қазіргі уақытта республика ин­вестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы 47 екіжақты және 1 көпжақты үкіметаралық келісімге қол қойды. Олар тиісті мемлекеттердің аума­ғында елдер инвесторларының ин­вес­­тициялық қызметті жүргізуі үшін қо­лайлы жағдайлар мен құқықтық шең­бер­лер жасауға ықпал етеді.

Сыртқы істер министрлігінің де­рек­тері бойынша тәуелсіздік жылдары республикаға шамамен 370 млрд доллар көлемінде инвестиция тартылған.

Құны жоғары өнімдерді, қызметтерді және жаңа технологияларды өндіруге ба­ғыт­талған инвестициялық ұсыныс­тар­ға артықшылық берілетінін атап өткен жөн. Республикада іске асырылып жатқан инвестициялық жобалар қоржынында экономиканың машина жасау, тау-кен металлургия кешені және металлургия, агроөнеркәсіптік кешен, жаңартылатын энергетика секторы, мұнай-газ химиясы, химия өнеркәсібі, көлік және логистика салалары көш бастап тұр.

Қолда бар деректер бойынша, 1993-2020 жылдар кезеңінде республикаға жыл сайын тартылатын инвестициялар көлемі 13 еседен астам өскен. 2020 жылдың қорытындысы бойынша инвестициялар көлемі 17 млрд доллардан асты, ал 1993 жылы бар болғаны 1,3 млрд-ны құрады.

Шетелдік инвестицияларды тарту­да­ғы осындай елеулі серпіліс қолайлы ин­вес­тициялық ахуалға дәлел бола алады. Бұл капиталдың сақталуына, заңның үстемдігіне, ашық және жайлы бизнес-ортаға кепілдік береді.

Мұны Қазақстанның түрлі көр­сет­кіш­тер бойынша рейтингі дәлел­дей­ді. Мысалы, Дүниежүзілік банктің Doing Business 2020 рейтингінде Қазақ­стан 190 елдің ішінде 25-орынға ие болды. Біздің еліміз миноритарлық инвесторлардың құқықтарын қорғау және келісімшарттарды сақтау сияқты көрсеткіштер бойынша әлемдік ондыққа кіреді. Мақсатты жұмыстың нәтижесінде жыл басынан бері шетелдік қатысумен жалпы сомасы 1,6 млрд долларды құрайтын 41 инвестициялық жоба іске асырылуда, бұл 7 мыңнан астам жұмыс орнын құруды көздейді.

Олардың ішінде: Түркістан облысында жаңа әуежай құрылысы – YDA Holding (Түркия, 206 млн доллар); Ақтау қаласы аумағында туристік қонақүй кешенінің құрылысы – Sembol Construction and Engineering (Түркия 173 млн доллар); Жамбыл облысында 100 МВт КЭС құрылысы – Total Eren (Франция, 130 млн доллар); Қарағанды облысында техникалық газ өндірісі – Linde Group (Германия, 83 млн доллар); Hyundai – Hyundai Trans Kazakhstan маркалы автомобиль өндірісі – YDA Holding (Түркия), (Оңтүстік Корея, 58,5 млн доллар); Ақтөбе облысындағы бесінші буынды жылыжай (2 кезең) – Food Ventures (Нидерланд, 22,3 млн доллар).

Үкімет елдің инвестициялық әлеуе­­­тін арттыру бойынша кешенді шаралар қабылдауда. Дүниежүзілік банкпен ынтымақтастықта әзірленген, тіке­лей шетелдік инвестициялар ағы­нын едәуір ұлғайтуды көздейтін 2018-2022 жыл­дар­ға арналған Ұлттық ин­вес­ти­ция­лық стратегия қабылданды.

KAZAKH INVEST ҰК АҚ және «Халықаралық қаржы орталығы» АҚ базасында инвесторлармен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру үшін арнайы келіссөздер командасы – Task Force құрылды. Бұл маңызды стратегиялық жобаларды пысықтау кезінде Үкіметтің атынан шетелдік компаниялармен бір­ың­ғай келіссөз жүргізуші болады.

Үкімет инвестициялық салада қа­был­данып жатқан барлық шаралар 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарына және Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының шараларын іске асыру жөніндегі Жол картасына сәйкес 2025 жылы негізгі капиталға салынған инвес­тициялар көлемін ІЖӨ-нің 30%-ына дейін, ал тікелей шетелдік инвестициялар көлемін 30 млрд долларға дейін жеткізуге ықпал ететінін атап өтті.

Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Қа­зақ­стан ұлттық экономикаға шетелдік ин­вестициялар ағынының елеулі ұлға­юы­на қол жеткізіп қана қоймай, елдің инвестициялық әлеуетін арттыру бо­йынша пәрменді қадамдар жасауда. Қазақстан экономикасына шетелдік ка­питалдың құйылуы Қазақстан әлем­нің ең дамыған отыз елінің қатарына кіру жөніндегі жоғары мақсаттарын іске асыруға және экономикалық орнықты және әлеуметтік бағдарланған, ашық және есепті даму моделін құруға мүм­кін­дік береді. Осының бәрі тең мүм­кін­діктерді қамтамасыз ету және әрбір қа­зақстандық лайықты өмір сүру үшін берік негіз болуға тиіс.

 

Ғани ТАШҚАРАЕВ,

Мәжіліс депутаты,

Nur Otan фракциясының мүшесі