Тарих • 04 Желтоқсан, 2021

Ақын тұтынған кесе

399 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл қазақ по­­­­эзиясы­ның мұз­­балағы Мұқа­ғали Ма­қа­таев­тың ту­ғанына 90 жыл толып, оны елі­міз жо­ға­ры дең­гейде атап өтті. Бір­де Ұлт­тық му­­зейге бар­ған­да ақын көзі ті­рісінде тұ­тынған бірқатар құн­ды жә­­ді­­гер сақталғанын көрдік.

Ақын тұтынған кесе

Бұл заттарды музейге «Ұлттық музейге сый тарту» іс-шарасы аясында ақынның келіні, М.Мақатаев атындағы қордың төрағасы Бақытгүл Айдарова тапсырған екен.

Енді ол қандай жәдігерлер дейсіз ғой, алдымен ардақты тұлғаның өзі киген костюм шалбарын айтсақ болады. Одан кейін тағы бір қымбат дүние −1954 жылы Мәскеуден жарық көрген «Русско-казахский словарь» жинағы. Бұл сөздікті А.Исқақов, Х.Махмудов, Ғ.Мұсабаев сынды авторлар құрастырған. Мұқағали ағамыз көзі тірісінде осы жинақты қолынан тастамаған көрінеді. Сонымен бірге ақын тұтынған кесе мен сабы гүлмен өрнектелген қасық та көзімізге жылы ұшырады. Қысқасы, Ұлттық музейге жолыңыз түсе қалса, алып ақыннан қалған жәдігерлерді көруіңізге болады.