Хейнидің жекпе-жегін тамашалаған австралиялық боксшы Джордж Камбосос АҚШ боксшысының ұсынысын қабыл алды.
«Иә, мен онымен шаршы алаңда кездескім келеді. Бүгін ол да сондай ойы бар екенін ашық жеткізді. Диасқа қарсы жақсы жоспар құрып келгені байқалды. Әрине, мен оны төмендеткім келмейді. Дегенмен енді біз жекпе-жек мәселесін ақылдасатын, шешетін жағдайға жеттік. Сөзбен бәрін тындырмай, іске кірісейік», деді әлемнің абсолютті чемпионы өз ойын түйіндеп.