Ауа райы • 06 Желтоқсан, 2021

Еліміздің басым бөлігінде көктайғақ болады

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2021 жылғы 6-шы желтоқсанда ел өңірлерінің басым бөлігінде болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің басым бөлігінде көктайғақ болады

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ҚР басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады – жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын жауады, солтүстікте жаяу бұрқасын күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, еліміздің оңтүстігінде, солтүстігінде желдің күшеюі күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман, таңертең және күндіз көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Алматы облысында Алакөл көлдерінің ауданында жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман, көктайғақ, солтүстік-шығысында желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жаяу бұрқасын, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында, Атырау облысының солтүстігінде, батысында және орталығында, Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Түркістан, Жамбыл облыстарының оңтүстігінде, таулы аудандарында, тау бөктерінде, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында және орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының шығысында тұман күтіледі, Шығыс Қазақстан облысының батысында жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының орталығында тұман, түнде облыстың орталығында көктайғақ күтіледі.