Спорт • 06 Желтоқсан, 2021

Әлем кубогында күміс алды

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық Павел Колмаков Фин­ляндияның Рука курортты аймағында өтіп жатқан фристайл-могулдан Әлем кубогының алғашқы кезеңінің күміс жүлдегері атанды.

Әлем кубогында күміс алды

Ерлер арасындағы финалдық бәсекеде өнер көрсеткен Павел Колмаков бас жүлде үшін болған жарыста 82, 10 ұпай жинап, Әлем кубогының алғашқы кезеңінде күміс жүлдені жеңіп алды. Бұл сында кана­­­далық Майкл Кингсбери топ жарса, жапо­ния­лық Юкима Хоришима үздік үш­тікті қоры­тын­дылады.

Әйелдер арасындағы бәсекеде қазақ­стан­дық Юлия Галышева – 7, Анастасия Городко 15-орынға табан тіреді.