Хоккей • 06 Желтоқсан, 2021

ҚХЛ: Бүгін «Барыс» «Ак Барс» командасымен кездеседі

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Ак Барс» (Қазан) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚХЛ: Бүгін «Барыс» «Ак Барс» командасымен кездеседі

Кездесу елорда уақытымен сағат 22:30-да басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бүгінге дейін 41 мәрте шеберлік байқасты. Оның 7-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды. Екі команда арасындағы соңғы алты кездесудің бесеуінде ресейлік клуб жеңіске жетті.

«Барыстың» биылғы турнирдің соңғы алты кездесуінің төртеуінде жолы болды, қалғанында қарсыластарына есе жіберіп қойды.

Ал «Ак Барс» соңғы алты кездесудің төртеуінде қарсыласын тізе бүктірді.