Экономика • 06 Желтоқсан, 2021

Зейнетақы қорындағы артық қаражатты «Отбасы банкке» аударуға рұқсат етіледі

455 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Ведомство өкілдерінің айтуынша, БЖЗҚ-дағы артық қаражатты келесі жылдан бастап «Отбасы банкке» аударуға болады, деп жазады Egemen.kz.

Зейнетақы қорындағы артық қаражатты «Отбасы банкке» аударуға рұқсат етіледі

Комитет салымды толықтырудағы бұйрық өзгерістерінің әзірлеушісі болып отыр. Келісу кезінде Еңбек министрлігі құжатты қайта қарауға қайтарған.

«Ұлт жоспарының» «Тұрғын үй қатынастары туралы» 103-тармағына сәйкес төлемдерді толықтыру бөлігіндегі бұйрыққа өзгерістер енгізуді әзірлеу бізге тапсырылды. Жоба өзге қызығушылық танытқан мемлекеттік органдардың келісімінен өтеді. Өз кезегінде олар да ескертулер мен ұсыныстарын енгізе алады. Осыған байланысты жоба Еңбек министрлігіне қатысты бөлігін қайта қарау үшін қайтарылды. Қазіргі сәтте біз аталған жобаны әрі қарай жылжыту үшін қызығушылық танытқан мемлекеттік органдармен ортақ келісімге келдік, деді комитеттің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының 1 қыркүйектегі Жолдауына сәйкес, халықтың зейнетақы салымдарын БЖЗҚ-дан «Отбасы банкіндегі» депозитке аудару нормасы 2022 жылдың қаңтарына белгіленген.