Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2021

Ми инсультін 10-ақ минутта анықтайды

683 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласындағы №2 ауруханада ми инсультін диагностикалайтын жасанды интеллект жүйесі іске қосылды. Жаңа технологиялық әдіс инсульт ауруын 10 минут ішінде анықтауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ми инсультін 10-ақ минутта анықтайды

Шымкент қаласының №2 аурухана базасында «CEREBRA» жобасының таныстырылымы өтті. Іс-шара барысында жаңа жүйенің бүгінгі медицина саласындағы маңыздылығы түсіндірілді. Жаңа жоба арқылы дәрігерлер инсультты ерте деңгейде анықтап, бірден ишемияға ұшыраған аймақты білуге, уақытында емдеуге кірісуге, қажетті ота жасауға қарсы көрсетілімнің бар-жоғын анықтау мен емдеу шараларын дер кезінде жасай алады.

Медицина мамандарының айтуынша, инсульттың дер кезінде анықталмауына көбіне адами фактор әсер етеді. Ал «CEREBRA» жобасы инсультты 10 минут ішінде анықтауға және инсульт ядросындағы тіндердің тығыздығының өзгеруін есептеуге жәрдемдеседі.

Бүгінде аталмыш жобаға 6 қала мен 8 инсульттық орталық қосылған. Алдағы уақытта жасанды интеллект неврологияда да қолданылатын болады.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, елімізде жыл сайын 40 мыңнан астам адам инсульттен зардап шегеді. Жыл өткен сайын аурудың түрі жасарып келеді. Медицина мамандары елімізде инсульт дертінің алдын алу үшін ерте диагноз қойып, науқастардың емделуге қолжетімділігін арттыру бағытындағы шараларды арттыру қажет екенін айтады.

1