Тағайындау • 06 Желтоқсан, 2021

Айтыскер Мұхтар Ниязов жаңа қызметке тағайындалды

840 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры болып айтыскер Мұхтар Ниязов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Айтыскер Мұхтар Ниязов жаңа қызметке тағайындалды

Мұхтар Мәуленұлы 1985 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.

2007 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін тәмамдаған.

2018 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің педагогика ғылымдарының магистрі.

Айтыс ақтаңгері, екі мәрте «Алтын домбыра» иегері, Қызылорда қаласының құрметті азаматы.

2009 жылдан бастап «Ақ сөйле» қоғамдық бірлестігінің төрағасы;

2014-2016 жылдары А.Тоқмағанбетов мәдениет үйінің үйірме жетекшісі;

2016-2019 жылдары «Асыл арна» телеарнасында «Сүбелі сөз» бағдарламасының жүргізуші редакторы, Қызылорда облыстық «Рухани жаңғыру» орталығында жауапты қызметтерін абыроймен атқарып келді. 

2020 жылы Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқарған.