Білім • 07 Желтоқсан, 2021

Білімге салынған инвестиция

1221 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік тағылымы» атты ма­қа­ласында егемендік алған тұстан бергі жүріп өткен жолымызды ке­ңі­нен баяндап берді. Мақалада көптеген жетістігіміз айтыл­ды. Соның ішінде бір мәселеге ерекше назар аударғым келіп отыр. Тұңғыш Президент «Болашақ» бағдарламасына ерекше екпін берді.

Білімге салынған инвестиция

Елбасы «Болашақ» түлектері Отаны­ның қамқорлығын сезініп, елге қызмет етіп, үміт ақтайтыны­на сенім білдірді. «Болашақ» ха­лық­аралық стипендиясы ел Тәуел­сіздігі арқасында жастарға жасалған зор қолдауы, үлкен мүмкін­дігі деп білемін. Егемендік алған елең-алаң тұста, халық ішер­ге тамақ, киерге киім таппай қи­налып жүрген уақытта қара­жат бөліп, жастарды шетелге білім алуға жіберуі – ұзақ мерзімге жа­сал­ған инвестиция екені анық. Өйткені қазіргідей дәуірде білім мен ғылымсыз мемлекет даму­дың даңғыл жолына түсе алмай­ды. Осылайша, «Болашақ» бағ­дар­ламасы арқылы әлемнің маң­да­йал­ды жоғары оқу орындарында білім алған жастар кейінірек Қазақстанның халықаралық аренада мо­йындалуына мол үлес қосты. Бұл – біріншіден.

Екіншіден, бағдарлама біре­гей әлеуметтік лифтке айналды. «Бо­лашақ» қарапайым отбасынан үз­дік­тердің ілімін шыңдауға мол мүмкіндік берді. Осынау ширек ға­сырда көптеген жас маман әлемдегі ең рейтингі жоғары оқу орындарында білім алуға қол жеткізді. Әсіресе, шалғай ауылдардан шыққан білім­ді жастар шартараптың үздік уни­верситеттерінде ғылымның қыр-сырын үйреніп қайтты.

Осы орайда, «Болашақпен» білім алғандар арасында бұқара­лық ақпарат құралдары өкілдері де бар екені үлкен қуаныш. Елба­сы айтқанындай-ақ, шын мәнін­де «бұл – нағыз адам капиталы». Солардың қатарында Ұлыбритан­ияда білім алғанымды мақтан тұтамын.

Осы орайда, АҚШ-тың негізін қалағандардың бірі, мемле­кет қайраткері Бенжамин Франк­линнің сөзі еске түседі. «Білімге салынған инвестицияның қай­тары­мы (үстемеақысы) әрда­йым жо­ғары болады», дейді амери­калық дипломат.

Жалпы, «Болашақтың» ел дамуы­на әкелген пайдасы ұшан-теңіз. Жастарға салынған инвес­ти­­ция­ның қайтарымы молынан бол­ғаны, болашақтықтардың эко­но­миканың негізгі секторларын ілгерілетуге қомақты үлес қос­қаны анық. Сондықтан аталған бағ­дар­лама – Тәуелсіз Қазақстан әкел­ген ұтымды шешімдердің бірі.

 

Қанат ӘУЕСБАЙ,

«Болашақ» бағдарламасының түлегі, журналист,

ҚР Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы стипендиаттары Қауымдастығының Кеңес мүшесі