Теннис • 07 Желтоқсан, 2021

Іріктеудегі қарсыласымыз – Норвегия

95 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннистен ұлттық құрамалар ара­сындағы 2022 жылғы Дэвис кубогы (әлем чемпионаты) жарысының ірік­теу кезеңіне жеребе тартылды.

Іріктеудегі қарсыласымыз – Норвегия

Қазақстан теннис федерациясының бас­пасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, жер­лестеріміз финалдық кезеңге жолдама алу үшін Нор­­вегиямен күш сынасатын болды. Матч келесі жыл­дың 4-5 наурыз күндері Норвегияда өтеді. Дэвис кубогының іріктеу матчтары төрт жекелей және бір жұптық бәсекеден тұрады және үш сеттік форматта ұйымдастырылады деп жос­парланған.

Іріктеу кезеңінде үздік шыққан 12 команда финалдық сайысқа жолдама алады. Оларға биылғы Дэвис кубогында жеңімпаз атанған Ресей құрамасы мен финалда өнер көрсеткен Хорватия теннисшілері қосылады. Сондай-ақ Ұлыбритания мен Сербия құрамалары арнайы шақыртумен барады.

Күні кеше Мадридте мәресіне жеткен биылғы Дэвис кубогының финалдық сайысында Қазақстан құрамасы ширек финалға дейін жеткен болатын. Жерлестеріміз топтық кезеңде Швеция және Канада құрамасын жеңгенімен, 1/4 финалда Сербиядан жеңіліп қалды. Бір айта кетерлігі, біздің жігіттер осымен алтыншы мәрте осы жарыстың ширек финалында бақ сынады.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше