Спорт • 07 Желтоқсан, 2021

Екінші кезеңде де олжалы болды

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Германияның Инцель қаласында конькимен жүгіру спортынан жас­өспірімдер арасындағы әлем кубо­гының екінші кезеңі басталды.

Екінші кезеңде де олжалы болды

Осыдан бір апта бұрын Инцельде өткен алғашқы кезеңде бір күміс, бір қола медаль жеңіп алған қазақстандық Алина Дауранова бұл жолы да жүлдегерлер қатарынан көрінді. 500 метр қашықтықта сынға түскен отандасымыз жарыс жолын 00:39.08 секундта жүріп өтіп, кезекті қола медаліне қол жеткізді. Бұл сында алтын және күміс жүлдені Нидерланд өкілдері жеңіп алды. Бас жүлде Пиен Смитке бұйырса, күмісті Джиду Хокстра еншіледі.

Осылайша, Алина Дауранова әлем кубо­гының екі кезеңінде үш жүлде олжалады. Бірінші кезеңде ол 1000 метрге жарысуда күміс, 1 500 метрде қола жүлдегер атанды.