Руханият • 07 Желтоқсан, 2021

Парижде Абай бюсті ашылды

462 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында Парижде қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының бюсті ашылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Парижде Абай бюсті ашылды

«Париж қаласында қазақтың бас ақыны, ағартушы, ойшыл Абай Құнанбайұлының бюсті ашылды. Бюст Париждің орталығында ақындар алаңында орнатылды, онда француз жазушысы Виктор Гюго, орыс ақыны, проза жазушысы Александр Пушкин және т.б. құрмет көрсетілді.

Абай Құнанбайұлының мүсіні Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында ашылды. Ұйымдастырушысы – ҚР Франциядағы Елшілігі, бюст демеушілік қаражат есебінен ашылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қаламыздың экономикасына жеке инвестициялар тарту бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Париж қаласының мэрі Анн Идальгомен достық пен ынтымақтастық туралы пактіге қол қойып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруды талқыладық. Мәселен, Нұр-Сұлтанда 30-дан астам француз компаниясы жұмыс істейді. Бұл бірлескен маңызды жобаларды ашу және жеке инвестицияларды тарту ғана емес, сол сияқты қосымша жұмыс орындарын құру болып саналады.

Бірлескен жобалар санын кеңейтетін боламыз. Сонымен бірге елордамызда Францияның жеке инвестициялары есебінен жеке мектеп салу туралы келісімге келдік. Сондай-ақ, музейлер ұжымын келесі жылы көрмелерімен шақырдық, олар елордамыздың мәдени саласын дамытуға өз үлесін қосатыны сөзсіз», деп жазды елорда әкімі.