Білім • 07 Желтоқсан, 2021

Қырғызстандықтар қазақстандық ЖОО-да оқитын болады

271 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ҚР БҒМ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін хаттама жобасын дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қырғызстандықтар қазақстандық ЖОО-да оқитын болады

Аталған хаттамада Қазақстан тарапы Қырғыз тарапына жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жыл сайын келесі қағидат бойынша 50 орынға дейін білім береді деп айтылған:

Қырғыз Республикасының азаматтарына

  • «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары», «ауыл шаруашылығы және биоресурстар» - 15 адам (бакалавриат - 10, магистратура - 5),
  • «денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» - 5 адам,
  • «үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламасы (6 жыл оқу) және резидентура (5 жылға дейін оқу)», «педагогикалық ғылымдар», «өнер және гуманитарлық ғылымдар», «әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат», «бизнес, басқару және құқық» - 10 адам (бакалавриат, магистратура, - 5, магистратура - 5);

Қырғыз Республикасының азаматтары болып табылатын ұлты қазақ адамдарға «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары», «ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «педагогикалық ғылымдар», «өнер және гуманитарлық ғылымдар», «әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат», «бизнес, басқару және құқық» білім беру салалары бойынша бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында 20 оқу орнына дейін (бакалавриат - 10, магистратура - 10) беріледі.

Өз кезегінде Қырғыз тарапы қазақстандық тарапқа техникалық мамандықтар бойынша - 4 адамды (бакалавриат - 2, магистратура - 2), медициналық мамандықтар бойынша - 3 адамды (специалитет/ординатура - 3), гуманитарлық - экономикалық мамандықтар бойынша - 3 адамды (бакалавриат - 2, магистратура - 1) оқытуды ұсынады.

Құжат жобасы 22 желтоқсанға дейін көпшілік талқылауы үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған.