Президент • 07 Желтоқсан, 2021

Отандық өнеркәсіпті цифрландыру белсенді жүріп жатыр - Президент

597 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Отандық өнеркәсіпті цифрландыру белсенді жүріп жатыр. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» сыйлығы жеңімпаздарын құттықтау кезінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Отандық өнеркәсіпті цифрландыру белсенді жүріп жатыр - Президент

«Отандық өнеркәсіпті цифрландыру белсенді жүргізілуде. Биыл «Ақтоғай» және «Жәйрем» кен байыту кәсіпорындарында «Индустрия 4.0» стандартының элементтері бар заманауи байыту фабрикалары іске қосылды. Солтүстік Қазақстан облысында Alageum Electric компаниясының төртінші электр-техникалық зауыты жұмысын бастады. Ол елдегі трансформаторлар өндірісін 40%, яғни жылына 44 мың данаға дейін арттырады. Олардың жартысынан астамы экспортқа кетеді. Бұл шамамен 25 мың дана өнім деген сөз.

Сондай-ақ, қуаттылығы жылына 500 техника өндіруге жететін германиялық CLAAS компаниясының комбайндары мен тракторларын құрастыру өндірісі жолға қойылған. Медицина ғылымында да айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді», деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев отандық ғылымның пандемия кезінде тығырықтан шығар жол тапқанын да ерекше атап өтті.

«Біздің ғалымдар коронавирусқа қарсы QazVac вакцинасын ойлап тауып, мұндай жетістікке жеткен санаулы ғалымдардың қатарына кірді. Оны жаппай шығару үшін Жамбыл облысында Орталық Азияда халықаралық сапа стандартына сәйкес келетін алғашқы биофармацевтикалық зауыт салынды. Мен Жолдауымда 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінің экспортын бір жарым есеге, ал еңбек өнімділігін 30% ұлғайту міндетін қойдым. Бұл өте маңызды мақсаттар және соған қол жеткізу үшін бізде барлық мүмкіндіктер бар, қажетті жағдайлардың бәрі жасалып отыр», деді Президент.