Спорт • 07 Желтоқсан, 2021

Елордада күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты өтеді

515 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Республикалық біріншілік бүгін басталып, 12 желтоқсанға дейін жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Елордада күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты өтеді

Жарыс Жақсылық Үшкемпіров атындағы жауынгерлік өнер сарайында өткізіледі.

Турнирді еркін стильдегі палуандар ашады. Одан кейін әйелдер күресінің жеңімпаздары анықталады. Ал турнирдің қорытынды блогында грек-рим күресінен Қазақстан командасының өкілдері жеңімпазды анықтайды.